Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Желт
07

«Қазіргі білім берудегі инновациялар мен дәстүрлердің даму басымдықтары»

07.12.16Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 7 желтоқсан 2016 ж. Ы. Алтынсариннің туғанына – 175 жыл толуына арналған «Қазіргі білім берудегі инновациялар мен дәстүрлердің даму басымдықтары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Алтынсарин оқулары өткізілді. Конференцияны Психологиялық-педагогикалық факультет және педагогика кафедрасы ұйымдастырды.
Пленарлық отырыстың алдында Ақылбек Шаяхметтің «Ыбырайдың өсиеті» спектаклін студентік «Жас сахна» театры педагогика кафедрасының аға оқытушысы Абдиркенова А.Қ. жетекшілігімен қойылым қойды.
Конференцияға 300-дей баяндама тапсырылған. Қатысқандар әр аймақтан болды. Конференцияға қатысқандар: Ресей (Москва, Кисловодск, Дагестан), Украина (Киев). Жамбыл, Қараганды, облыстарынан, Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Ұзынкөл, Качар аудандарынан, сонымен қатар, – Арқалық, Қостанай, Лисаковск, Рудный қалаларынан болды.
Салтанатты іс-шара алдында кітаптар көрмесі және Ы. Алтынсарин мұражай көрмесі (Ы. Алтынсарин облыстық мұражайы). Ерекше қызығушылық танытқан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Серікбай Оспановтың «Ыбырай тағылымы» кітабы жайлы презентациясы, ҚМПИ «Құрметті» профессоры ҚМПИ Ы.Алтынсарин мұраларын зерттеу орталығының маманы Орманов Қ.Т. Ы. Алтынсариннің ұрпағы Қасымов Марата Ануарбекұлы жөніндегі баяндамасы мен Өтегенова Б.М. ҚР жаһандық білім берудегі қазіргі тенденцияларындағы ағартушының ой-пікірлерінің үндестігі тақырыбындағы мақаласы баяндалды.
Әр қатысушыға Ы. Алтынсарин жайлы кітабы (автор С. Оспанов) табысталды. Залда колледж және мектептерден көп қонақтар, ЖОО студенттері мен оқытушылар болды.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеяларының қазіргі білім беру үдерісімен үндестігі: білім беру негізіндегі тарихи-әдістемелері. ҚР-ның білім беру мазмұнын жаңғырту: мәселелері және болашағы жайында 4 секция жұмысын жалғастырды.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушылары Резолюция қабылдады онда пунктке қосымша Астана қаласында. Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш қою жайындағы сұрақты шешуге өтініш жасалды.
Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификат және конференция баяндамалар жинағы тапсырылды.
07.12.1607.12.1607.12.16

Joomla 1.6 Template
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap