Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Қар
30

Республикалық онлайн-конференция

30.11.16Психология және педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы 2016 жылдың 30 қарашасында «ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында болашақ мұғалімдерді даярлаудың бірқатар аспектілері» атты республикалық онлайн-конференциясын өткізді.
Оған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы, Көкшетау және Қостанай қалаларындағы педагогикалық шеберлік орталығының директорлары, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облысы мектептерінің мұғалімдері қатысты. Конференция барысында қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары мен білім беру жүйесіне енгізілу ерекшеліктері сөз болып, өзара пікір алмасуға зор мүмкіндік жасалды. Конференцияның соңында аталған тақырып бойынша жұмыс нәтижесі ретінде ұсыныс (резолюция) қабылданды.

Joomla 1.6 Template
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap