Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Қар
30

Қазақстандағы этноәлеуметтік үдерістерге арналған халықаралық онлайн конференциясының қорытындылары

30.11.16Қазақстандағы этноәлеуметтік үдерістерге арналған халықаралық онлайн конференциясының қорытындылары
2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстандағы және іргелес аймақтардағы этноәлеуметтік үдерістер» халықаралық онлайн конференциясы өтіп, оған қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары Е.В.Ярочкина (тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚП, №№ кафедрасының меңгерушісі), А.Б.Амантаева (философия ғылымдарының кандидаты, доцент), С.В.Назарова (саясат ғылымдарының кандидаты, доцент), Т.П.Панияз (аға оқытушы, әлеуметтік ғылымдарының магистрі), О.Н.Евдокимова (педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі), ҚМПИ модераторы ретінде С.В.Самаркин (тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қосымша білім беру факультетінің деканы) қатысты.
Баяндамалар тақырыбы аймақтық аспектіге бағытталып, диаспора мәселелері қарастырылды. Этносаралық, конфессияаралық қатынастардың қалыптасу үдерісі және соның аясында қоғамның саяси өзгеруі қалай өтетіні көрсетілді.
Онлайн конференцияны Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.
Конференция барысында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобы, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары баяндама оқыды.
Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қаласы, РФ) жұмысы қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Аталған университетте 2014 жылғы 8 қазанда «Қазақстандық жол және Н.Назарбаев» кафедрасының салтанатты түрде ашылуы өткен болатын. Бұл кафедраның меңгерушісі, профессор Ю.А.Лысенко ресей жоғары оқу орындарындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық үлгісін зерттеу тәжірибесімен бөлісті.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушылар студенттерге ашық дәрістер, конференциялар, семинарлар өткізіп, өзара қарым-қатынас түрлері мен шекараларын кеңейтуге шешім қабылдады.

Фотогалерея

30.11.1630.11.1630.11.1630.11.1630.11.16

Joomla 1.6 Template
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap