Қант
12

Бірлесіп қызмет ету барысында

12.01.172017 жылы 12 қаңтарда Ақпаратты кітапхана орталығында факультет декандары, кафедра меңгерушілерімен оқытушыларға арналған оқу барысын ақпараттық-кітапханамен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты жиналыс өткізілді. Ақпаратты кітапхана орталығы мен кафедралардың қызметін жақсарту мақсатында оқытушылар сауал-сұраққа жауап берді, сонымен қатар 2016 жылы түскен әдебиеттер кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қар
29

«Колледждер кітапханаларының жұмысы: дәстүр және инновация»

23.11.162016 жылы 25 қараша айында электронмен қамтамасыз етілген оқырман залында Қостанай және Қостанай облысындағы колледждердің кітапханашыларына арналған облыстық методикалық семинар өтті. Семинарда ақпаратты технологиялар тұрғысынан академиялық кітапхана қорының жағдайы мен қалыптастыру мәселесі, жаһандық электрондық ресурстарға қол жеткізу, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сұрақтар қарастырылды. Семинарға қатысушылар бір пікірге келісті: бәсекеге қабілетті болуға, кітапхана өзінің өзектілігі мен тартымдылығын жоғалтпай, уақыт талабына сай болуы тиіс. Әдістемелік-библиографиялық материалдар мен өзіндік білімге арнайы мерзімді басылымдардың көрмесі, ақпаратты-кітапхана орталығында экскурсия өткізілді.
Қар
19

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді ақпаратты-кітапхана орталығына 2016 жылдың қараша, желтоқсан айында өтетін іс – шараларға қатысуға шақырамыз
 
Іс–шаралар  Тақырыбы Қай жерде өткізіледі  Күні уақыты
Кітап көрмесі жаңа кітаптармен таныстыру   абонемент, оқу залы ай бойы
Көрнекті кітап көрмесі «Тәуелсіздік -  еліміздің ерлік  жолы» Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл абонементка каб. № 23 5 желтоқсан
Дөңгелек стол «Ұстаз ұлағаты мәңгілік» педагог-ағартушы Ы Алтынсариннің 175 жылдығына арналған
оқу залы
каб. № 17
5-30
желтоқсан
15.00
«Ғалым  – студент» циклі бойынша тарих ғылымының кандидаты  С. В. Самаркинмен  кездесу
оқу залы
каб. № 17
9 желтоқсан
15.00
Брейн – ринг «Көркейе бер, гүлдене бер Тәуелсіз Қазақстан!» Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 25 жыл
оқу залы
каб. № 17
8 желтоқсан
15.00
Қар
16

ЖАК доценті, педагогикалық ғылымдарының кандидаты А. Ф. Дайкермен кездесу

16.11.162016 жылы 16 қарашада «Ғалым-студент» циклі бойынша әмбебап оқу залында педагогика ғылымының кандидаты, педагогика кафедрасының доценты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры, Славян Академиясының профессоры А. Ф. Дайкермен кездесу өтті. Бұл кездесу А. Ф. Дайкердің 75 жылдық мерейтойына және институттағы қызметіне 50 жылдығына арналды. Александра Филипповна студенттердің қойылған сұрақтарына жауап беріп, педагогикалық қызметіндегі өз тәжірибесімен бөлісті. Кітап көрмесінде А. Ф. Дайкердің әр жылдар жарық көрген еңбектері қойылды. Кеш соңында ұстазға арналған өлеңдер оқылып, ән айтылды. Кеш диалог түрінде өтті.
Қаз
26

«Ақылдылар сайысы» интеллектуалды ойынына дайындық

gorizont-10.2016Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жоғары оқу орындары аралық «Ақылдылар сайысы» интеллектуалды ойынына дайындық аясында, ақпаратты кітапхана орталығында оқырман ақпараттық - танымдық «Горизонт» клубының отырысы жалғасуда.
Қаз
20

«Ақпараттық күн»

20.10.162016 жылы 20 қазан айында ақпараттық-кітапхана орталығында тарих және өнер факультетінің «Тарих» мамандығы бойынша екінші курс студенттеріне арналған «Ақпараттық күн» өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ақпараттық орталығының мүмкіндіктерімен танысты. Электронды оқырман залында оқу мақсатында электронды кітапханамен пайдалану бойынша тренинг-консультация өткізілді.
Қырк
27

«Олжас – ғасыр ақыны» оқырман конференциясы

27.09.162016 жылдың 27 қыркүйек айында ақпаратты кітапхана орталығында ақын О. Сүлейменовтың 80 жылдығына арналған «Олжас – ғасыр ақыны» атты оқырман конференциясы өткізілді. Кешті қазақ филология факультетінің 3 курс студенттері Жанжигитов Сырым мен Пернебек Айдана жүргізді. Оқырман конференциясына қазақ және орыс филология факультетінің 1-2-3 курс студенттері қатысты.
Бұл кештің негізгі мақсаты қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу.
Ақынның шығармашылығы жайында слайд көрсетіліп, ақынның өлеңдері оқылды.
Қырк
12

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді ақпаратты-кітапхана орталығына 2016 жылдың қыркүйек, қазан айында өтетін іс – шараларға қатысуға шақырамыз.
 
Іс –шаралар      Тақырыбы Қай жерде өткізіледі  Күні уақыты
Кітап көрмесі жаңа кітаптармен таныстыру  абонемент, оқу залы ай бойы    
Көрнекті кітап көрмесі педагог-ағартушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Ұлы ұстаз ұлағыты» абонемент қазан
Оқырман конференциясы ақын О. Сүлейменовтың 80 жылдығына арналған «Олжас – заманымыздың ұлы, ақыны, ойшыл – гуманист» оқу залы 26 қыркүйек
Дөңгелек стол «Ұстаз ұлағаты мәңгілік» педагог-ағартушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналған оқу залы қазан
Әдеби кеш М. Хакімжанованың 100 жылдық мерей тойына арналған «Мен даланың қызы едім» оқу залы қазан
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap