Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Мамандықтары мен бағыттары:

Институт факультеттері мен кафедраларында еңбек ететін ғалымдар, білікті маман дайындауды әрдайым басты назарда ұстауда. Ол үшін, студенттер мен магистранттарды оқыту процесін жетілдіруге басты көңіл бөлінуде. Институттың негізгі факультеттерінде білім берудің екі сатылы (бакалавр - магистр) білім беру құрылымы енгізілген. Олардың оқу жоспарларында студенттердің өз беттерімен дайындықтарымен қатар практикалық жұмыстары болашақ ұстаздық мамандықтарымен ұштастырылып жүргізілуде. Оқу мерзімінде әр студентке білім алу жолын өз бетінше таңдауға мүмкіндігі туғызылған. Институтта студенттердің денсаулықтарын сақтауға ерекше жағдай жасалған. Сондықтан да бірінші және екінші курстардың оқу бағдарламаларына спорт және дене шынықтыру сабақтары енгізілсе, жоғары курстарда бұл сабақтарды студенттер түрлі спорт секцияларында жалғастыра алады.

Қазіргі таңда институтымызда:
  • Қашықтықтан оқыту факультеті
  • Жаратылыстану-математика факультеті
  • Қазақ және орыс филологиясы факультеті
  • Шетел тілдері факультеті
  • Тарих және өнер факультеті
  • Психология және педагогика факультеті
  • Дене шынықтыру және спорт факультеті

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Сені құшақ жая қарсы алады және өз қалауың бойынша мамандық алуға мүмкіндік береді.

Оқуға (бакалавриатқа) түсу үшін, төмендегі мамандықтар бойынша Тестіленетін бесінші пән Профильдік пән
5В010900 – математика Физика Математика
5В011000 – физика Физика Физика
5В011100 – информатика Физика Математика
5В011200 – химия Химия Химия
5В010100 – мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Биология Математика
5В010200 – бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Биология Математика
5В010300 – педагогика және психология Биология Биология
5В010500 – дефектология Биология Биология
5В011300 – биология Биология Биология
5В050300 – психология Биология Биология
5В011500 – құқық және экономика негіздері Әлем тарихы Әлем тарихы
5В011600 – география География География
5В012000 – кәсіби оқыту Физика Математика
5В090200 – туризм География География
5В010600 – музыкалық білім 2 – шығармаш. емтихан Шығармашылық емтихан
5В010700 – бейнелеу өнері және сызу 2 – шығармаш. емтихан Шығармашылық емтихан
5В010800 – дене тәрбиесі және спорт 2 – шығармаш. емтихан Шығармашылық емтихан
5В011400 – тарих Әлем тарихы Әлем тарихы
5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті Қазақ әдебиеті азақ әдебиеті
5В011800 – орыс тілі мен әдебиеті Орыс әдебиеті Орыс әдебиеті
5В011900 – шетел тілі: екі шетел тілі Шетел тілі Шетел тілі
5В012100 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті Қазақ әдебиеті азақ әдебиеті
5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті Орыс әдебиеті Орыс әдебиеті
Бакалавриат мамандықтарына түсу үшін өтініш берудің мерзімдері:
  • талапкердің кешенді тестілеуіне (ары қарай – КТ) қатысу үшін өтінішті бітіруші 20 маусымы мен 9 шілдесі аралығында бере алады.
  • шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдау университеттің қабылдау комиссиясы 20 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін жүргізеді.
  • педагогикалық мамандықтарға түсу үшін өтініштерді қабылдау 20 маусынан 4 шілдеге дейін жүргізіледі;
  • ақылы негіздегі білім алу үшін азаматтардың жазған өтініштерін қабылдау 20 маусымнан 28 тамызға дейін жалғасады.
  • білім беру гранттарын беру жөніндегі байқауға өтініш қабылдау шілде айының 23 мен 31 аралығында жүргізіледі.
  • Қайтадан кешенді тест тапсыру үшін өтініш беру мерзімі 1-8 тамыз аралығында;
  • Қосымша кешенді тестілуге өтініш бері мерзімі қаңтардың 5-12 аралығында.
  • КТ емтихандары 17 шілдеден бастап 23 шілдеге дейін тапсырылады;
  • шығармашылық емтихандар университеттің қабылдау комиссиясында 2 шілдеден 7 шілдеге дейін тапсырылады;
Талапкеплердің кешенді тестілеуін (ТКТ), арнайы емтиханды өткізу мерзімі:
  • кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті базасында тапсырылады;
  • Шығаршылық емтихандар 2-7 шілде аралығында тапсырылады;
  • Арнайы емтихан 5-14 шілде аралығында өткізіледі;
  • Қайта кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі;
  • Қосымша кешенді тестілеу шартты түрде қабылданған студенттер үшін 20-24 қаңтар аралығында өткізіледі;
  • Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10-28 тамыз аралығында өткізеді.
Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.

Оқуға түсу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру міндетті:

Орта мектеп пен колледж түлектері үшін:

  • білім жөніндегі құжат (аттестат немесе диплом, қосымшасымен бірге) түпнұсқасы;
  • ҰБТ сертификаты (осы жылғы түлектер үшін), кешенді тестілеу сертификаты; 
  • жеке куәлігінің көшірмесі (жеке куәлік немесе паспорт);
  • 086-у формалы медициналық анықтама;
  • 6 дана ¾ фотосуреті;
  • тегін өзгерткен (қыз балалар) жағдайда – неке туралы куәлігінің көшірмесі;
  • жеңілдікке дәмелілер үшін - оны растайтын құжаттар.
ЖОО түлектері үшін:
  • білім жөніндегі құжат (диплом, қосымшасымен бірге) түпнұсқасы;
  • сұхбаттасу туралы анықтама; 
  • жеке куәлігінің көшірмесі (жеке куәлік немесе паспорт);
  • 086-у формалы медициналық анықтама;
  • 6 дана ¾ фотосуреті;
  • тегін өзгерткен (қыз балалар) жағдайда – неке туралы куәлігінің көшірмесі.

Скачать:

Кәсіби жоғарғы оқу орнына қабылдаудың үлгі бағдарламасын біздің институттан алуға болады.

Біздің мекен - жайымыз: Қостанай қаласы, Таран көшесі, 118 үй. Телефонымыз: 8 (7142) 54-28-49. Қабылдау комиссиясы.


 КГПИ ЖДЕТ ТЕБЯ!

Біз қалай оқытамыз?
Ел институтқа білім алу үшін келеді. Ол рас. Бірақ, бүгінгі күннің талабына сай, бәсекелестікке бейім маман болу үшін тек қана білімді болу жетіспейді. Ол үшін жас маман жоғары біліммен қатар, қай істе болмасын белсенді, дер кезінде жауапкершлікті өз мойнына ала алатындай батыл, өз мамандығына сай іскер, кіммен болса да тіл таба алатындай сауатты, бүгінгі ақпараттық технологияны барынша кеңінен пайдалана алатындай шебер, тағы да басқа толып жатқан қасиеттерге ие болуы керек.
Жоғарғы біліммен қатар міне, осы қасиеттердің барлығын біз студенттеріміздің бойларына сіңіреміз.

2 3
1 4

Біздің мақтаныштарымыз!


Біздің институтымыз сапа менеджменті жүйесімен жұмыс істеуде. Институт ұжымының жоғары нәтижелі жұмысы 2005 жылы Голландияның PW аккредитациясына сай келетін дүниежүзіне танымал «Русский регистр» Ассоциациясының сертификатына ие болуға мүмкіндік берді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Халықаралық ИСО 9001-2000 стандартына ие болған Қазақстан Республикасындағы 12 жоғарғы оқу орнының бірі. Институтымыз өзінің 70 жылдығы қарсаңында Халықаралық Іскерлер Кеңесі тағайындаған «2006 жылғы Ұлттық экономиканың озаты» деген құрметті атаққа ие болды. 2008 жылы институтымыздың ректоры Қ.М. Баймырзаев институт атынан университеттердің Ұлы хартиясына қол қойып, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне көтеріліп, өзінің Болон процесіне қатысуға дайын екендігін дәлелдеді. Институтымыз Қазақстан Республикасы мен дүние жүзіндегі көптеген елдердің мемелекеттік және қоғамдық негіздегі білім беру ұйымдарымен тұрақты түрде қарым-қатынас жасауда. Оның айқын дәлелі ретінде, 2007 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық инстиутында Франция Республикасының мәдени Орталығының ашылғанын атап өтуге болады. Бұл Орталық Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты басшылығы мен Францияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі Мәдениет және қарым-қатынас бөлімінің өзара келісім шартының нәтижесінде ашылып отыр.

Білім берудегі жаңа технолгияларды игеру жөніндегі жетістіктеріміз


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қуатты ақпараттық- компьютерлік кешен жұмыс істейді. Ондағы қондырғыларды жаңартып отыру үшін жыл сайын қажетті мөлшерде қаржы бөлінуде. Кешендегі, бүгінгі күннің талабына сай компьютерлер, дыбыс және бейне жазу қондырғылары мен мультимедиялық материалдар, қол жетерлік жердегі Интернет жүйесі - бәрі – бәрі студенттерімізге білім алуды барынша жеңілдетуге, әрі қызықты етуге көмектесуде. Студенттеріміз, қажетті технологиялық қондырғылармен қамтамасыз етілген дәрісханалар мен зертханаларда оқып, білім алуда. Ғылыми кітапханамыздың ақпараттық қоры өте бай. Онда: әдеби, оқу-әдістемелік кітаптар, мерзімдік баспасөз - газет- журналдардың бай қоры жинақталған. Олардың біразы электрондық жүйеге енгізілген. Осыдан елу жыл бұрын Москва университеті тарту еткен – 17 – 18 -19-20 ғасырларда жарық көрген бір мың данадан астам кітап қоры біздің ғылыми кітапханамыздың мақтанышы болып саналады. Институтымызда шағын баспахана жұмыс істейді. Онда ғалымдарымыз бен студенттеріміздің жазған ғылыми еңбектері жарық көруде.


Студенттер өмірі


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында студент жастарға білім берумен қатар, олардың ғылыми - зерттеу жұмыстарымен шұғылдануларына, бұқаралық - мәдени, спорттық және туристтік шараларға қытысып, өз шеберліктерін шыңдауға жан-жақты жағдай жасалған. Институт қабырғасында жүргізілетін бұл жұмыстар жастардың бойына азаматтық, патриотизм қасиеттерін егіп, олардың салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды болашақ өмірде кездесетін қандай болмасын қиындықтарды жеңе алатындай етіп тәрбиелеуге бағытталған. Институтта жастар Орталығы жұмыс істейді. Онда: хореграфия, вокал студиялары мен би үйірмелері, аэробика, түрлі шейпинг, спорт пен туризм секциялары, көңілді тапқырлар клубы (КВН), театр студиясы, студент-жастардың еңбек отрядтары жұмыс істейді. Орталықта ай сайын түрлі мәдени-бұқаралық шаралар өткізілуде. Олардың ішінде: дәстүрге айналған: «Білім күні», «Студенттер қатарына қабылдау», көңілді тапқырлардың жарыстары, Жаңа жыл, Наурыз мерекелері мен Қыз Жібек үні, студенттердің пікірсайыстары, көпке танымал болған «Альянс пати» ойындары мен дойбыдан, шахматтан, баскетболдан, тоғызқмалақтан, волейболдан, спорттың басқа да түрлерінен жарыстар өткізілуде.


Институт жайлы студенттердің ой - пікірлері


Қостанай мемлекеттік педагогикалық иснтитутында, сабақ үсті мен практикалық жұмыстарда, мейлі спорт жарыстарында болсын, пікірталастар мен үйірмелердің жұмыстарында, студенттер мен оқытушы-профессорлар, жастар мен жастардың арасында әрқашанда да ашықтық, өзара түсіністік, шыдамдылық, тағаттылық, шынайы демократиялық жағдай қалыптасқан. Бұл өз кезегінде кімнің болса да жүрегіне сенім ұялатып, алға қарай берік қадам жасауға көмектесуде.

Нәтижесінде:


Бүгінгі күннің талабына сай білім мен тәжірибе жинақтаған, қандай жағдайда болмасын белсенділік танытып, жауапкершілікті көтеруге бейімделген біздің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері өмірден өз орындарын тауып, барған жерлерінде өздерінің де, біздің институтымызды да абыройын арттыруда. Оқытушы - профессорларымыздың біліктіліктеріне, болашақ ұстаз дайындау жолындағы ұлы істе бірлігіміз бен өз ісімізге деген адалдығымызды таныта отырып, іскерлік этикасының жоғарғы деңгейіне жету жолында еңбек етіп жатқан біздің институтымыз алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының озық оқу орнының қатарынан көріне бермек.


Joomla 1.6 Template
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap