Қостанай мемлекеттік институтының дене шынықтыру,
спорт және туризм факультетінің
жанындағы спорт клубының

спорттық - бұқаралық жұмысы.
Тулегенов А. Б. А.Б. Тулегенов - спорт клубының жетекшісі. 2000 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Ахмет Байтурсунов атындағы Қостанай мемлекеттік университетті аяқтады. Квалификация дене шынықтыру мұғалімі, күрес жаттықтырушысы. Базалақ пәні: Дене тәрбиесі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында спорт жетекшісі.Жазба жұмысының саны-4. Ғылыми іс-әрекетінің бағыты дене шынықтыру және салауатты өмір салты.

Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спорт клубымен бірлесіп бұқаралық спорт, сауықтыру - емдеу, ғылыми әдістемелік, дене шынықтыруды дамыту шараларын іске асырды.
Негізгі мақсаты: ден саулықты нығайту, студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқытушылармен институт қызметкерлерінің дене шынықтыру және спорт құралдырының және спорт шеберліктерін жоғарлату болып табылады.
Институт студенттері бірнеше мәрте чемпион дәрежесін жеңіп алып, ҚР чемпионы, Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Европа чемпионы жүлдегерлері атанып қысқы және жазғы олимпиада ойындарына қатысты.
Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті спорт клубымен бірлесіп, институт аралық жарыстар, факультет аралық спартакиада, календарлық жоспар бойынша қызметкерлер арасында мереке сайын әртүрлі масштабта жарыстар өткізіліп отырды.Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт студенттері қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады. Дене шынықтыру, спорт факультетінің - олимпиада ойындарына қатысқан түлектері:
Сидней, Атланта грек Рим күресінен еңбегі сіңген спорт шебері - Сергей Матвиенко, шаңғы жарысынан халықаралық жоғары дәрежедегі спорт шебері қысқы олимпиада ойындарының қатысушысы, О. Селезнева, жүзуден Азия чемпионы С. Кузьмин. Азия чемпионы XXIX Пекин олимпиада ойындарының қатысушысы.

С. Кузьмин

Ванкувер 2010 ж., конькимен жүгіру спортының халықаралық дәрежесіндегі спорт шебері Александр Жигин.

Жигин Александр

Әлем, Азия чемпионатының жүлдегерлері:

А. Фиялка - әлемнің төрт дүркін чемпионы, европаның екі дүркін чемпионы, гир спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2010 жылғы ҚР - ың Универсиада чемпионы.
З. Кувамбаев
- әлемнің күміс чемпионы, Азия чемпионы, Азия рекордшысы, пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Кувамбаев Залим

С. Косоня - Әлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі қысқы Президенттік көп жарыстан спорт шебері, ҚР 2010 Универсиадасының чемионы.

Косоня Сергей

Ж. Кособуцкий - бокстан Азия чемпионы, спорт шебері.

Ж. Кособуцкий

С.Башенов - Азияның екі дүркін чемпионы, король кубогінің иегері, спорт шебері. 
Марс Акпаленов - Азия чемпиоонатының күміс жүлдегері, Универсиада 2010 чемпионы.

Марс Акпаленов

М. Гербер - қазақша күрестен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Қазақстан чемпиондары және жүлдегерлері:
Е. Омаров - қазақша күрестен Қазақстан чемпионы, спорт шебері.
А. Жамелов - кикбоксингтен Қазақстан чемпионы, спорт шебері.
А. Васильченко - шаңғы жарысынан Қазақстан күміс жүлдегері, спорт шебері.
Е.Тиминов - шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионы, спорт шебері.
К. Гринев - шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионы.
Д.Кузин - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ванкувер 2010 ж., олимпиада ойындарына қатысқан. Челябі қаласында (Ресей) сырғанаудан төрт рекорд жасады. Коньки тебу спортынан Қазақстан чемпионы.

Д.Кузин


Joomla 1.6 Template
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap