НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Дін істері жөніндегі басқармасының» ММ қолдауымен «Қазақстан Республикасының 25 жылдыгына» орай Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ «Дінаралық татулық — тәуелсіздіктің тірегі» аттыгуманитарлық және шығармашылық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері, журналистер мен кәсіптік дизайнерлер арасындакелесі үш номинациялары бойынша Республикалық шығармашылық байқауын жариялайды.

27-28.06.2016

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 2016 ж. 27-28 маусым аралығында университеттің 20-жылдық мерекесіне орай халықаралық білім форумын өткізеді. Шараға ЖОО профессор-оқытушылары, ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері, жас ғалымдар мен студенттер қатыса алады.

16–17.06.2016

Құрметті әріптестер! Сіздерді «Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамыту жағдайындағы техникалық мамандарды дайындау және ағылшын тілін оқытудың заманауи үрдісі» атты XVI Халықаралық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.
Өткізу орны және уақыты: Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Серікбаев көш., 19, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің бас ғимараты, 2016 жылғы 16 – 17 маусым

26-27.05.2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазан (Еділ бойы) Федералды университетімен біріге 2016 жылғы 26-27 мамырында «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІІ-ші халықаралық конференциясын өткізеді.

30.04.2016

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді 2015 жылы 30 сәуір күні Алматы қаласында өтетін ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫНА қатысуға шақырамыз. Қазақстан ПҒА-ның сессиясына ғалымдар Академияға мүшелілігіне қарамастан шақырылады.

22.04.2016

Құрметті әріптестер! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (әрі қарай - ҚАТУ) «СЕЙФУЛЛИН ОҚУЛАРЫ-12: Ғылым жолындағы жастар – болашақтың инновациялық әлеуеті» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады.
Негізгі күндер:
- тезистерді қабылдаудың соңғы күні – 2016 жылдың 28 наурызы
- конференция өткізілетін күні – 2016 жылдың 22 сәуірі
 

21-22.04.2016

Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы 21-22 сәуір 2016 ж., Алматы қаласы, Қазақстан

21.04.2016

«Жаңа формацияда кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері» атты ІV-дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырады.
Конференция өткізу мерзімі: 21.04.2016-23.04.2016
Тіркеу 2016 жылы сәуірдің 21 күні сағ. 9.00-де Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өнер факультетінде жүргізіледі.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap