Жаңалықтар мен оқиғалар

«Дін істері жөніндегі басқармасының» ММ қолдауымен «Қазақстан Республикасының 25 жылдыгына» орай Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ «Дінаралық татулық — тәуелсіздіктің тірегі» аттыгуманитарлық және шығармашылық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері, журналистер мен кәсіптік дизайнерлер арасындакелесі үш номинациялары...
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ұжымының ғылыми-зерттеу жұмысы «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. ЖОО - ғы ғылыми-зерттеу жұмысы.» ҚР МЖМБС 5.03.011-2006 негізінде ұйымдастырылады.
Негізгі ережелер.
Институттың профессорлық-оқытушылар және студенттер ұжымы іске асыратын ғылыми-зерттеу жұмысы факультет, кафедралар ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық жоспарын іске асыруға бағытталған және:
- ЖОО - ң ғылыми жұмысын ары қарай жандандыру;
- институттың ғылыми деңгейін толығымен пайдалану;
- ҒЗЖ -ң материалдық-техникалық базасын нығайту;
- өз ғылыми кадрларымызды даярлау;
- студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамытумен тығыз байланысты.

Қостанай мемлекеттік институты құрамына 6 факультет, 22 кафедра (оның ішінде 4-і - педагогика, шет тілдері, қоғамдық ғылымдар, практикалық лингвистика кафедралары - жалпыинституттық) енеді. ПОҚ-н 202 адам құрайды. Солардың ішінде - 6 ғылым докторы, 65 ғылым кандидаты бар. Сондай-ақ институтта 37 адам штаттан тыс жұмыс атқарады, оның 1-і - ғылым докторы; 7-і - ғылым кандидаты. ПОҚ-ң ғылыми дәрежесі 35,6 % құрайды.
Институттың ғылыми бөлімшесі құрамына магистратура және ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімі, тарихи зерттеулердің аймақтық Орталығы енеді. Сондай-ақ, биология және география кафедрасы негізінде экология мәселелерінің Ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. ҚМПИ-дың 2101-2012 жылдардағы даму стратегиясына сәйкес 2010 жылы редакция бөлімін және аз қамтылған мектептер мәселесімен шұғылданатын ғылыми-әдістемелік Орталықты ашу жоспарланып отыр.



Joomla 1.6 Template
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap