Желт
24

«Телевизиялық жыл адамы - 2016»

-2016 жылдың 24 желтоқсаны күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үлкен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жергілікті арна арқылы халыққа тарихи-мәдени ақпараттармен қамтамасыз ету бағытында қосқан үлестерін бағалау арқылы бірқатар адамдарды марапаттау болып табылды. Аталған жобада телеарна арқылы мәдени-тарихи бағдарламаларға белсене қатынасып, жергілікті халыққа көптеген сұхбаттар бергені үшін Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Өтеген Ихсанұлы Исеновтің еңбегі ерекше бағаланды. Халықтың көп дауысына ие болған Өтеген Ихсанұлы арнайы телеарна тарапынан «Телевизиялық жыл адамы - 2016» атты статуэткаға ие болды.
Тарих және өнер факультетінің деканаты, профессорлық-оқытушылық құрамы Өтеген Ихсанұлына зор денсаулық, шығармашылық табыс, әрқашан жемісті жеңістерге жете беруін тілейді.
Желт
22

«ҚМПИ педагогикасы» сайтының презентациясы

2016 жылдың 22 желтоқсанында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенттері «Мұғалімнің кәсіби бағдары» пәнінен шығармашылық емтихан – «ҚМПИ педагогикасы» сайтының презентациясы болып өтті, оқытушы педагогика ғылымдарының кандидаты Кифик Н.Ю. Бұл сайттың мақсаты – Құқық және экономика негіздері оқыту әдістемесі, Мұғалімнің кәсіби бағдары пәндерінен алған теориялық білімдерді практика жағынан көрсете алу. Берілген сайтта студенттер өткізген сабақ жоспарлары, студенттер жайлы ақпарат берілген, мақалалар каталогы, фотоесептерді тамашалауға болады. Сайт қарапайым және қолдануға өте жеңіл. Бұл сайттың артықшылығы бұнда студенттер өздерінің мақалаларын, сабақ жоспарларын, өз пікірлерін білдірте алады, қызықты тақырыптар мен мәселелерді талқылайды. Осындай сайтты жасау, бұл ізденушілік-танымдық қызметті дамытады, АКТ бойынша білімін толықтырады, қазір бұның бәрі педагогикада маңызды аспектісі болып табылады. Сайтта студенттер мен оқытушылар, және де кім педагогикалық қызметпен айналысатындар сайттың одан әрі көтерілуіне, оны ақпаратпен қамтамасыз етуге, көзқарастармен бөлісуге, пікірлесуге белсенді түрде қатыса алады. «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенттері: Пушкарева Анастасия, Медетова Сабина, Жекеева Асель, Чакиева Анар, Умурзаков Сабит және жетекшісі Кифик Наталья Юрьевна одан әрі үнқатысуға дайын.
Желт
14

Сайттың презентациясы «Студенттердің патриоттық қоғамы»

14.12.16Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында «Студенттердің патриоттық қоғамы» (http://patriots.kz) ресми сайтының салтанатты презентациясы болды.
Сайт Мурзагалиев Р., Старжинская Ю., Жекеева А., Жуматаева И., Пушкарева А., Тулубаева Э. және тағы да басқалар мүшелері болып табылатын студенттердің зерттеу тобы жұмысының қорытындысы негізінде құрылды.
Аталмыш топтың жетекшілері психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасының оқытушылары Иванова Е.Н., Бримжанова К.С., Разумова Л.П.
Бұл қоғамды қалыптастыру аясында Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейі базасындағы тәжірибелік алаңда Қазақстандық патриотизмді және жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының толеранттылығын қалыптастыру жобалық-шығармашылық жұмыстар жүзеге асырылды. Студенттер тәрбиелік іс-шаралар, ойын түріндегі тақырыптық сынып сағаттарын, тренинг сабақтар, кері байланыстар, Қостанай облыстық Достық үйінің өкілдерімен кездесулер өткізді.
Іс-шараның түпкі мақсаты өмір сүруге қабілеітт толерантты тұлғаны тәрбиелеуге және қоғаммен толық қарым-қатынас жасауына әсер етуге бағытталды.
Іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттері қатысты. Студенттер өздерінің қызметтерінің барысын айқын көрсете білді, студенттер мен зерттелетін тақырыптар арасында тәжірибе алмасуы жүргізілетін сайт презентацияланды.
Желт
13

«Күшік, мысық және тышқанның достығы»

13-12-16Психология және педагогика факультетінде 2016 жылының 13 желтоқсанында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл дамыту әдістемесі» пәні аясында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығының 3 курс студенттері мен магистр, аға оқытушы Хасенова Ж.О. «Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі саусақ театры арқылы ұйымдастырып өткізілді. Қойылымға «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары мен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» «Бастуышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттері шақырылды.
Желт
09

«Өз ойыны»

09-12-162016 жылдың 9 желтоқсанында философия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Алшанова Б.Х. 629 дәрісханада «Дінтану» пәнінен «Ислам» тақырыбында 1 курс «Дефектология» мамандығының студенттеріне тәжірибелік ашық сабақ өткізді. Сабаққа қатысқандар: стратегиялық даму және инновациялық білім бөлімінің бастығы Бекентаева А.К., қоғамдық пәндер, құқы және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ярочкина Е.В.
Ашық сабақ «Своя игра» интеллектуалды ойын түрінде өткізілді, онда 4 бағыт қамтылды: қазіргі әлемдегі ислам, ислам мерекелері, Қазақстандағы ислам, исламдағы экстремизм мен терроризм. Сонымен бірге әрбір категорияда институт оқытушыларының бейне-сұрақтары дайындалған. Студенттер үш топқа бөлінген (жасыл, сары, қызыл), сұраққа топ басшылары: Фогель Ольга, Головко Юлия, Стаценко Марина жауап берді. Әрбір сұрақ 100-ден – 500 балға дейін құбылып отырды, егер топ сұраққа жауап бере алмаса, ол келесі топқа көшіп отырды, ойын өз нәтижесіне жетті. Интеллектуалды ойын барысында студенттер дәрістен алған білімдерін толықтай бекіте білді.
Желт
09

Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған аймақтық ғылыми-теориялық конференция

09.12.16Тарих және өнер факультет, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 9 желтоқсаны күні Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай аймақтық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияның мақсаты – 1916 жылғы көтеріліс ошақтарының тарихын және жетекшілерінің ерлікке толы істерін, азаттық жолындағы ерік-жігерлерін ашу және Отан тарихына, ел-жерге деген жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру болып табылды.
Сондықтан конференциямыздың міндеті де осы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ашылмай, ақиқаты айтылмай келе жатқан тұстарын баяндау мен талқыға салу. Конференцияға қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушылары, институт оқытушылары және студенттер қатынасты.
Конференция барысында студенттерге көтеріліс тарихы жөнінде профессор А.Күзембайұлы, Ө.И.Исенов, М.Ж.Бекмағамбетова және 4 курс «Тарих» мамандығының студенттері өз баяндамаларын оқыды. Сұрақтар қойылды. Тақырыптық презентациялар мен тарихи фильмдер көрсетілді. Конференция студенттерге көптеген тарихи маңызы бар деректермен есте қалды.
Желт
09

Мектеп пен ЖОО: бетпе-бет

16.12.092016 жылдың 09 желтоқсанында ҚМПИ-нда жұмыс берушімен кері байланысты жүзеге асыру, болашақ мамандардың пәндік құзыреттіліктерін және қазіргі білім беру жағдайына жағымды кәсіби ынталарын қалыптастыру мақсатында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында «ҚР-ның қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» тақырыбында семинар өткізілді. Модераторлар: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры Шинбулатова Канзада Бектыбаевна және кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна. Қатысушылар: «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология» мамандықтарының студенттері. Семинар қосарлы дәріс және коучинг түрінде өтті және де студенттер аудиториясының үлкен қызығушылығын тудырды. Студенттер Ханзада Бектыбаевнамен бетпе-бет жүздесу барысында өздерінде туындаған сұрақтары бойынша жан-жақты ақыл-кеңес алып, болашақ педагог мамандары ретінде қажетті ақпараттар алды. Осындай ЖОО-ның оқу үрдісіне тәжірибелік мамандарды тарту жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасын табады.
Желт
08

"Дефектолог күні" мерекесіне арналған акция

08.12.162016 жылдың 6 қараша - 28 желтоқсан аралығында Кәмелетке толмаған балалардың бейімдеу Орталығының балаларға арналған кеңсе тауарларын жинауды мәлімдеген жерде Дефектология Күні мерекесіне арналған акция ұйымдастырылды. Психология-педагогика факультетінің көптеген студенттері акцияны қолдады және белсенді түрде қатысты. 8 желтоқсан 2016 жылы Психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі Л.Н. Лиходедова және Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Ю.П. Жилова басшылығымен «Дефектология» мамандығының 1 және 4 курс студенттері аралығында «Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу Орталығы» орталығында болып, жиналған кеңсе тауарлары тапсырылды. Студенттердің бастамасымен ойындар өткізіліп, балалар белсенді қатысты. Барлық қатысушылар бір-бірін алдағы Жаңа жылмен құттықтап, оң нотада қоштасты!
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap