Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Қар
30

Республикалық онлайн-конференция

30.11.16Психология және педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы 2016 жылдың 30 қарашасында «ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында болашақ мұғалімдерді даярлаудың бірқатар аспектілері» атты республикалық онлайн-конференциясын өткізді.
Оған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы, Көкшетау және Қостанай қалаларындағы педагогикалық шеберлік орталығының директорлары, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облысы мектептерінің мұғалімдері қатысты. Конференция барысында қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары мен білім беру жүйесіне енгізілу ерекшеліктері сөз болып, өзара пікір алмасуға зор мүмкіндік жасалды. Конференцияның соңында аталған тақырып бойынша жұмыс нәтижесі ретінде ұсыныс (резолюция) қабылданды.
Қар
26

Назарбаев Университетінің өкілімен кездесу

24-26.11.162016 жылдың 24-26 қарашасында Назарбаев Университетінің Білім беру Жоғары мектебінің қосымша білім беру департаменті қызметкері Нурхан Омарбеков Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты негізінде өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жалпы білім беру орта мектептерінің «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру тілдік курстарына қатынасты.
Нурхан Омарбеков мектеп мұғалімдерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, тренерлердің сабақтарына кіріп шықты, Назарбаев Университетіне 2017-2018 оқу жылында магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша түсу жайлы ЖОО ұстаздары мен студенттеріне презентация арқылы түсініктеме жүргізді.
Қар
25

Батыс-венгер университетінің PhD докторы М.Фрешлимен кездесу

14-25.11.162016 жылдың 14 мен 25 қарашасында ҚР ҒБМ 204100 «Жоғары, жоғары білімнен кейін мамандарды дайындау және оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы негізінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында институт оқытушылары мен «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне дәріс пен оқу сабақтары Батыс-венгр университеті (Сомбатхей қ., Венгрия) М.Фрешли, PhD философия докторы, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті дәріс пен оқу сабақтарын өткізді.
Бағдарлама аясында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті,
МОменТ, ПменБОӘ, шетел тілі: екі шетел тілі, тарих мамандықтарының студенттерімен кездесу өтті.
Қар
24

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

24.11.162016 жылғы 24 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - тұғырым» байқауының жалғасы өтті. Байқау мақсаты: хореографиялық өнер арқылы студент жастардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру; Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту; жастарды өнерге, поэзияға баулу, олардың шығармашылық өсуі үшін жағдай жасау. Байқау «хореография» және «поэзия» номинациялары бойынша өтті. «Хореография» номинациясы 2 турдан тұрды: байқау тақырыбына байланысты сюжеттік қазақ биін орындау 1 туры бойынша филология факультеті 1 орынға ие болса, 2 орын жаратылыстану-математика факультеті, 3 орынды психология-педагогика факультеттері еншіледі. «Еркін жанр» - факультеттің қалауымен би композициясын орындау 2 туры бойынша психология-педагогика факультеті үнді биімен 1 орын, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті 2 орын, жаратылыстану-математика факультеті 3 орынға ие болды.
Қар
23

Вокалдық-аспаптық конкурс

23.11.162016 жылғы 23 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - тұғырым» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқау мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанымыздың басты жетістіктерін насихаттау, студенттер бойында патриоттық тәрбиені, шығармашылық белсенділікті дамытып, жаңа таланттарды ашу. Байқау екі номинация бойынша өтті: вокалдық және аспаптық орындау. Байқауға институт қызметкерлері мен оқытушылар, студенттер қатысты. Вокал номинациясы бойынша 23 адам, аспаптық орындау номинациясы бойынша 9 қатысушы өнер көрсетті. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Ақжелең» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Назымбек Молдабекович Молдахметов, облыстық филармония мен «Мирас» фольклорлық ансамблінің әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Күнсулу Ануарбековна Жакаева, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының маманы Асем Идрисова байқауға төрешілік жасады. Әділ қазылар алқасы қатысушыларды регламентті сақтау (20 минут), жалпы ұйымдастырушылық, режиссура; орындау шеберлігі; сырт келбеті, байқау тақырыбы критериялары бойынша бағалады.
Қар
23

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының Челябіден келген қонақтарды қарсы алуы

23.11.162016 жылғы 23 қарашада ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында қазақтың дәстүрлі шашуымен ұлттық киімдегі қыздар Қостанай облысына «Мәдениет диалогі» жастар лагерін өткізу аясында Челябинскіден келген қонақтарды қарсы алды.
Ресей делегациясы құрамында Юлия Александровна Лапидус (Челябі облысы Достық үйінің директоры), Светлана Петровна Зверева («Дубрава» Славян мәдениеті орталығының жетекшісі), Венера Мухтаровна Шакенова («Арман» қазақ мәдени орталығының активисі), Анна Викторовна Герман («Видергебурт» неміс орталығы жастар бөлімінің жетекшісі), Р.К.Галоян, А.С.Саморуков, Н.Леганова сынды әртістер, ЧО Халықтар достығы үйінің өкілдері О.Г.Мохова және А.Г.Пунда келді.
Жастар лагерін өткізу бағдарламасы аясында облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қостанай облыстық этномәдени бірлестігі жетекшілерімен кездесулер өткізілді.
Қар
12

«Ақсүйектілік және дінтану негіздері»

31.10-12.11.16Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2016 жылдың 31 қазанынан бастап 12 қарашасына дейін мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Ақсүйектілік және дінтану негіздері» курсын оқытуындағы активті әдістер мен интерактивті оқыту технологиялары» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті. Осы курс мұғалімдерді оқытудың инновациялық білім беру технологияларымен, оларды оқу процессінде жүзеге асыру тәсілдерімен таныстырды. Курс барысында берілген білім мұғалімдерге білім берудің заманауи талаптарына сәйкес активті және интерактивті оқытуды жүзеге асыру үшін қажет.
Қар
11

"Серпін-2050" бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен кездесу

serpin-11.11.162016 жылдың 10-14 қараша аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі Талғат Асқаров және «Серпін-2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Күлзия Тобатаева Қостанай облысына іс сапармен келді.
11 қарашада жоба тәлімгерлері облыстық жастар саясаты басқармасының өкілдерімен бірге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Серпін-2050» жоба аясында білім алып жатқан студенттермен кездесті.
Сонымен қатар, оқу жағдайларымен және бағдарламаларымен танысып, студенттердің тұрмыс жағдайлары мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында жатақханаларды аралап шықты. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырумен, студенттердің бос уақытын қамту, тұратын орындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты.
Қазіргі таңда ҚМПИ-да «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 379 студент білім алуда.
Кездесу барысында оқу мәселесі, студенттердің сауықтыру шараларына қатысулары, бағдарлама негізінде түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі, бағдарламаны одан әрі іске асыру жолдары талқыланды.
«Серпін -2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Күлзия Қадырқызы «Серпін-2050» жобасының мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Балаларға жаңа қадамдарына сәттілік тілеп, үнемі даму үстінде болуларына, «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша магистратура және докторантурада грант иеленуге мүмкіндік бар екендігін жеткізді.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap