Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Ақп
12

ҚР Паралимпиадалық ойындарының чемпиондарымен кездесу

12.02.162016 жылғы 12 ақпанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында институт студенттері «Ұлттық паралимпиадалық комитеті» Қостанай облыстық филиалының басшысы Д.Оспановпен кездесті. Кездесуге паралимпиадалық ойындардың қатысушылары – ҚР спорт шебері, пневматикалық қарудан оқ ату бойынша республика чемпионы Светлана Ким және ҚР Чемпионатының жүлдегері, үстел теннисі бойынша халықаралық жарыстардың қатысушысы Рустам Валитов қатысты.
Ақп
12

Республикалық Алтынсарин оқуларының

Алтынсаринские чтения «Интеграция педвуза и образовательных организация по внедрению инновацию в практику»2016 жылдың 12 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы Қостанай қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» ББ филиалымен бірлесе отырып, Республикалық Алтынсарин оқуларының «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ТОҒЫСЫНДА ИННОВАЦИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗІЛУІ» атты ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
Педагогикалық институтта Алтынсарин оқуларын жыл сайын атап өту дәстүрге айналған. Осы мақсатта өтілген Республикалық конференция қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагогика мұрасының негізін салушы Ыбырай Алтынсаринның мерей тойымен қатар келіп отыр. Конференцияда қазіргі заман үрдісінде білім беру саласындағы идеялар, педагогикалық жоғары оқу орындары мен мектептердегі сапалы интеграциялық үдерістерді талқылау сонымен қатар, педагогтардың кәсіби дамуына ықпал ету , оқытушылар мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жағынан тәжірибе алмасу, оқу үрдісіндегі тәжірибеге жаңа инновациялық технологияларды енгізу сынды тақырыптар негізге алынды. Аталған конференцияда әсіресе, Қостанай облысының физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» белсенділік танытты. Конференцияда 300-дей педагогтар жұмыстары мәлімделді.
Ақп
10

«Жаңа бастамалар – жаңа реформалар» тақырыбындағы конференция

usvr-10.02.16-konf2016 жылғы 10 ақпанда институтта студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді студенттердің қатысуымен «Жаңа бастамалар – жаңа реформалар» тақырыбында конференция өтті. Конференция тақырыбы Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен 5 институционалдық реформаларымен тығыз байланысты. Аталған реформа елдің жаңа институционалдық ортасын қалыптастырып, оның ұзақ жылдар бойына тұрақты дамуы үшін берік негіз болады. Дұрыс таңдалған бағыт табыс көзін айқындайды, сол себепті әр азамат өзіне жауапкершілік жүктеп, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене түрде атсалысуы қажет.
Сөз сөйлегендер арасында тарих және өнер факультетінің 4 курс студенті, «Парасат» дебат клубының көшбасшысы Қуаныш Бектұрғанов, дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 3 курс студенті, ҚМПИ студенттік Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы Амир Батыргужин, қазақ және орыс филологиясы факультетінің 1 курс студенті, ҚМПИ «Жас Отан» ЖҚ бастапқы бөлімшесінің мүшесі Руслан Мұхтаров болды.
Ақп
10

Шетел тілдері факультетіндегі жастар күні

10.02 14Шетел тілдері факультетіндегі жастар күні ән айту, өлең оқу секілді іс-шаралармен салтанатты түрде тойланды. 2016 жылғы 10 ақпанда А-201 дәрісханасында «Шетел тілдері факультетінің туған күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Шетел тілдері факультеті филология факультетінің құрамынан 2013 жылдың қаңтар айында шыққан болатын. Іс-шараға ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор Е.А.Әбіл және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының бастығы С.Ә.Жақаева шақырылды. Салтанат Әнуарбекқызы студенттерді неміс тілінде құттықтап, факультеттің белсенді және үздік студенттерін грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады. Факультетте 50 үздік студент, ал белсенді студенттер одан үш есе көп екен.
Ақп
09

ҚР жастар күні

09.02.16Елімізде 2016 жылдан бастап 9 ақпан ресми түрде Қазақстан Республикасының Жастар күні болып жарияланған болатын. Осы күнге орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты жатақханасының акт залында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, іс-шара одан әрі «Караоке» байқауымен жалғасын тапты. Байқауға факультет деканының орынбасарлары студенттерімен қатысты. Байқау нәтижесі бойынша 3 жүлделі орынды психология-педагогика факультеті, 2-орынды қазақ және орыс филологиясы факультеті иеленсе, 1 орын шетел тілдері факультетінің еншісіне бұйырды.
Ақп
08

АНТ мүшелерінің ДШСжТ факультеті студенттеріне баяндама оқуы

16.02.082016 жылғы 8 ақпанда ҚМПИ «Дінтану орталығының» АНТ мүшелері К.Әбілмәліков пен Ғ.Шаймерден дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 1 курс студенттеріне діни экстремизмнің алдын алу жөнінде семинар-тренинг өткізді. Күнделікті қарапайым өмірден мысалдар келтіре отырып, олар студенттерге түрлі деструктивті діни ағымдардың қолданатын әдіс-тәсілдер туралы әңгімеледі. Сонымен қатар АНТ мүшелері қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың жастығы мен тәжірибесіздігі салдарынан дінге қатысты мәселелер бойынша түсініктері тұрақсыз, өте әлсіз, сол себепті басқа ағымдарға түсіп кету қаупі зор екенін баяндай келе, студенттердің назарын сол мәселелерге аудартуға тырысты.
Ақп
03

«Біз салауатты өмір салты үшін»

03.02.162016 жылғы 3 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, «Біз салауатты өмір салты үшін; ЖРВЖ (жіті респираторлық вирусты жұқпалар) мен тұмаудың алдын алу» акциясын өткізді. Акция «Март» сауда орталығында өтті. Студенттер халыққа ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу жөнінде мәлімет берілген буклеттер, көрнекі ақпарат материалдарын таратты.
Ақп
01

Институт оқытушыларымен кездесу

01.02.162016 жылғы 1 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында институт оқытушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде дәріс оқылды. Кездесуге Мемлекеттік қызмет істері министрлігі департаментінің қызметкерлері шақырылды. Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері министрлігі департаментінің қызметі жайлы ақпарат беріліп, ұжым 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен танысты.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap