Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Ақп
24

Министрмен кездесу

16.02.242016 жылғы 24 ақпанда институт залында Мәдениет және спорт министрі, өнертану ғылымының докторы, (PhD) философия докторы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Арыстанбек Мұхамедиұлының Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен ашық дәрісі өтті. Дәріс тақырыбы – «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең». Дәріс барысында студенттер спорт, мәдениет және өнер салаларын дамытуға байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырды.
Іс-шара соңында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Құрмет грамотасымен және институт спортшылары – жоғары оқу орындары арасындағы VI Қысқы Универсиадасы қатысушыларының ақшалай сыйлығымен марапатталды.
Ақп
23

ҚМПИ Студенттер үйінде өткізілген дойбы ойынынан жарыс

16.02.23-checkers2016 жылғы 23 ақпанда аға оқытушы К.К.Абильмаликов пен ҚМПИ шахмат клубы Студенттер үйінде тұрып жатқан студенттер арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырды. Дойбы ойыны әлемдегі кең таралған зияткерлік (интеллектуалдық) ойындардың бірі саналады. Бұл ежелгі ойын студенттердің көбінің қызығушылығын тудырды. Жарыс айналма жүйе бойынша өткізіліп, қатысушыларға дойбыны барлық ойыншылармен ойнауына мүмкіндік туды. Қыздар жасөспірімдерден бөлек ойнағандықтан, 6 жүлделі орын мен грамоталар тапсырылды.
Қыздар лигасында 1 орынды Айжан Тулепбергенова, 2 орынды Арай Шекімбаева, 3 орынды Нурсулу Жаксылыкова иеленді. Ерлер лигасында 1 орын Ермек Абдрашевқа, 2 орын Дамирлан Демисеновке және 3 орын Мұрат Альмагамбетовтің қанжығасына бұйырды. Жеңімпаздарды құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!
Ақп
19

Дінтану оқытушыларына арналған семинар

2016.02.18-19-ipg2016 жылғы 18-19 ақпанда Діни зерттеу орталығының бастығы, ҚМПИ «Дінтану орталығының» АНТ мүшесі Ғ.Шаймерден Қостанай облысы Меңдіқара және Ұзынкөл аудандық дінтану оқытушылары үшін өткізілген оқыту семинарының жұмыстарына қатысты. Семинар жұмысы барысында Ғ.Шаймерден Қостанай облысы аймағында өз қызметтерін жүргізіп жатқан деструктивті діни ағымдарға арналған «Дінтану негіздері» курсын оқытудың теориялық ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды. Ғ.Шаймерден баяндамасында Қазақстанның діни қауіпсіздігі проблемаларына арналған мәселелерді көтерді. Қазақстандағы заманауи діни ахуал туралы айтылып, қазіргі уақытта байқалатын негізгі жағымсыз үрдістер және одан шығатын нақты қауіптер де әңгіме болды.
Ақп
19

Факультетаралық «Жайдарман» 1/4 ойынының есебі

16.02.19-kvn2016 жылдың 15, 19 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында қазақ және орыс факультеті лигалары «Жайдарман» ойынының 1/4 финалы өтті. Бағдарлама бойынша әр факультеттен қатысқан командалар сәлемдесу (5 минут) және үй тапсырмасы (3 минут) сайыстары бойынша өнер көрсетті. Барлық командалар дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Келесі жартылай финал ойындары наурыз айына белгіленді. Ойын қорытындысы бойынша командалардың қайсысының ҚМПИ ректорының кубогын алуға финалға шығатыны белгілі болады.
Ақп
19

Шетелдік жоғары оқу орындарындағы халықаралық білім беру бағдарламаларының ерекшелігі

2016-02-192015 жылы ҚМПИ он алты оқытушысы Испания, Португалия, Германия және Ұлыбританияның жетекші университеттерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Курстың басты мақсаты – мемлекеттің жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары аумағында жоғары оқу орындары педагог мамандарының біліктілігін арттыру.
Курстардың негізгі мазмұны оқытудың инновациялық тәсілдерімен таныстыру және оқыту үдерісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану мүмкіндігін оқыту тренингтері арқылы көрсету болып табылады. Білім беру үдерісінің тиімділігін арттырудың интерактивті әдістері, оқыту нәтижелерін жоспарлау мен бағалау сабақтары, оқыту үдерісіне инновациялық технологияларын енгізу, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, білім беру тәжірибесінде Интернет-ресурстарды пайдалануға арналған сабақтардың маңызы өте зор.
Ақп
17

Құттықтаймыз!

15-17.02.162016 жылғы 15-17 ақпанда Қостанай қаласында өткен гір спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысқан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ДШСжТФ 2 курс студенттері Олег Сысолятин мен Сергей Турминді құттықтаймыз. Чемпионатқа еліміздің 13 облысынан 200-ден аса спортшы қатысты. Олег Сысолятин 78 келі салмақ санатындағы чемпион атанып, алдағы Әлем Чемпионатына жолдама алды. Ал Сергей Турмин болса, Солтүстік Қазақстан облысынан келген спортшыға есесін жіберіп, 95 келі салмақ санатында 2 орынды қанжығасына байлады.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отыра, оқуда және спортта табысқа қол жеткізе берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.
Ақп
17

ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы VI Қысқы универсиада

16.02.6-176-17 ақпан аралығында Алматы қаласында Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасында VI Қысқы универсиада өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командасы ҚР 34 жоғары оқу орнынан келген 144 команданың ішінде 4 орынды иеленді.
Айрықша көзге түскен студенттер: Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова 1000м қашықтықта – 1 орын, 1500м қашықтықта – 1 орын, 500м қашықтықта – 3 орын және әйелдер эстафетасында – 2 орынға ие болса, Қуандық Сүлейменов 500м қашықтықта 1 орынды қанжығасына байлап, Анастасия Бойко шаңғы жарысында 1 орынды еншіледі. Коньки тебу спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Кленко 1000м қашықтықта және шорт-тректен спорт шебері Никита Радаев 1500м қашықтықта 3 орынға ие болды. Шорт-тректен спорт шеберлігіне үміткер Виктория Афанасьева әйелдер эстафетасында 2 орынға шықты. Универсиада қорытындылары бойынша О.Тихонова және К.Сүлейменов 2017 жылғы Алматы қаласында өтетін Әлемдік Универсиадаға қатысуға үміткер болып табылады.
Ақп
17

«Қыран жігіт – Аққу қыз»

16.02.172016 жылдың 17 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының Жастар күніне арналған «Қыран жігіт – Аққу қыз» факультетаралық байқауы өтті. Байқауға институтымыздың әр факультетінен студент жұптары қатысты. Сонымен байқауда жұптар интеллектуалдық, спорттық, таныстыру және өз өнері атты сайыстарымен өнер көрсетті. Осы жұптарға әділ баға берген облысымыздың және еліміздің беделді азаматтары Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайреткері, Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының әртісі Бегайдаров Қоныспек Берманұлы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, айтыс өнерінің хас шебері Әлпия Орманшина, Қостанай облысының мәденитіне зор үлес қосқан, «Армандастар» тобының жетекшісі Түлкібек Рысмағанбетов, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Мақсұтов Марлен.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap