Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Наур
31

«ҚМПИ көктем балы - 2016»

31.03.162016 жылғы 31 наурызда «Премиум Палас» мейрамханасында әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен институт студенттеріне арналған «ҚМПИ көктем балы - 2016» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара жоо тарихында алғаш рет өткізілді. Көптеген студент қатысуға қызығушылық білдіріп, жалпы саны екі жүзден аса адам жиналды. Қойылған негізгі талап – киім үлгісінің сәйкес келуі ғана емес (қыздарға кешкі ұзын көйлек, жігіттерге қара костюм) бал биін билеу білу де керек болды.
Көктем балын құттықтау сөзімен институт проректоры, профессор Е.А.Әбіл ашты. Студенттерге бал биі конкурсына қатысу ұсынылды.
Наур
30

Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тірек мектептері мұғалімдерін ғылыми-педагогикалық қолдау

30.03.162016 жылғы 30 наурызда педагогика кафедрасының Әдістемелік апталығын өткізу аясында «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тірек мектептері мұғалімдерін ғылыми-педагогикалық қолдау» онлайн-конференциясы өткізіліп, оған ҚМПИ декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылары, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары, Қостанай қалысындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЧУ филиалының қызметкерлері, Қостанай облыстық тірек мектептерінің педагогтері, Қостанай облыстық білім басқармасының мамандары, сонымен қатар облыстық қала мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Конференция мақсаты – тірек мектептері мұғалімдеріне кеңес беру, тірек мектептерінің педагогтерін жалпы білім беруді инновациялық дамытудың заманауи ғылыми тәсілдерімен таныстыру.
Наур
16

Әуликөл ауылындағы кездесу

2016-03-15-ipg16 наурызда «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығының қызметкрелері Ғ.И.Шаймерден және Д.Е.Абенов Әуликөл ауданы әкімдігі мен АІІБ қызметкерлеріне «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясына арналған дәріс оқыды. Олар баяндамаларында оқу орнында институт ректоры Қ.М.Баймырзаевтың бастамасымен студент жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелерімен айналысатын «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығы құрылғандығы жөнінде айтып өтті. Одан басқа орталықтың басты міндеттеріне діни білім мен ағарту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жатады. Орталық қызметкерлері мен ҚМПИ волонтер-студенттері қала мен облыстың жоғары оқу орындары мен колледж студенттерімен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін болады.
Наур
15

Via Domitia-мен халықаралық келісімшартты ұзарту

16.03.1515 наурыз айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына Перпиньян қаласының (Франция) Via Domitia университеті тілдер орталығының директоры Вэнсан Глэз ресми іссапармен келді. Университеттің халықаралық ынтымақтастығы мен даму өкілеттігі шегінде ол ҚМПИ-мен бес жыл бойғы қолданыстағы келісімшарттың мерзімін ұзартты. Сонымен қатар екі оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту және оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша өзара ынтымақтастығы мәселелері де талқыланды.
Вэнсан Глэз француз тілін меңгеріп жатқан студенттермен кездесті. Ол университет пен тілдер орталығы жайлы презентация көрсетіп, студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға және тілдік курстарды оқуға шақырды. Осы оқу жылында аталған университетте семестр бойы оқып келген студенттер Вэнсан арқылы Via Domitia оқытушыларына алғыс тілектерімен бейнеүндеу жолдады.
Наур
12

Ректор кубогіне арналған облыстық дебат ойыны

debat-16.03.12Наурыз айының 12-жұлдызында Қазақстан Республикасының «Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам» бағдарламасын насихаттау аясында Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының ректоры кубогіне арналған ашық пікірсайыс турнирі болып өтті. Жастардың саяси білімімен қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға бағытталған бұл турнир өте жоғары дәрежеде өтіп турнирде еліміздің солтустік аймағының оқу орындарынан қазақ линасында 52 команда және орыс лигасында 14 команда қатысты. Турнир қазақ және орыс тілінде АПФ, БПФ форматтарында өтті.
Наур
11

«Еркін пікір» Қостанай кәсіби политехникалық колледжінде

16.03.112016 жылғы 11 наурызда студенттік «Еркін пікір» ақпараттық-насихаттау тобы Қостанай кәсіби политехникалық колледжінің білім алушыларына баяндама оқыды. Студенттеріміз баяндамаларын Мәңгілік ел тақырыбына арнап, Жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын жалпыұлттық патриоттық идеялардың басты қырларын ашуға тырысты. Баяндаманың екінші тақырыбы діни экстремизм мен лаңкестік мәселелеріне арналды.
Наур
04

8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күніне арналған іс-шара

8-march-16.03.042016 жылғы 4 наурызда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Институт ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаев аруларды мерекемен құттықтап, институт оқытушылары мен қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті. Салтанатты іс-шара одан әрі институт студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Наур
03

«Еркін пікір» студенттік ақпараттық-насихаттау тобының дебюті

16.03.033 наурызда Қостанай кооперативтік колледжінде «Еркін пікір» САНТ (студенттік ақпараттық-насихаттау тобы) дебюті өтті. Топ басшылары – ҚМПИ АНТ – «Дінтану орталығы» мүшелері К.К.Әбілмәліков және Д.Е.Әбенов. Студенттердің баяндамалары түрлі деструктивті діни ағымдардың жастарды өз қатарларына тарту мәселелеріне арналды. АНТ мүшелері жиі қолданылатын әдістер мен тәсілдерді көрсетіп, бірнеше театр көріністерін қойды. Қазіргі таңда осындай әдіс-тәсілдердің арқасында түрлі дәстүрлі емес діни топтар қатарына кіріп жатқан жастарымыз көптеп кездеседі.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap