Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Сәу
18

Жайдарман қазақ лигасының финалы

kvn-2016.04.182016 жылғы 18 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Жайдарман» қазақ лигасының финалы өтті. Финалға 5 команда қатысты. Тапсырма бойынша қатысушылар 5 минуттық өзін-өзі таныстыру және 7-10 минуттық үй тапсырмасын орындауы керек болды. Барлық командалар дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетіп, көрермендер көңілінен шыға білді.
Ойын қорытындысы бойынша Ректор кубогі қазақ және орыс филологиясы факультетінің қанжығасына байланып, екінші орынды шетел тілдері факультеті, үшінші орынды тарих және өнер факультеті еншіледі. «Актерлік шеберлігі үшін», «Үздік миниатюра үшін» номинацияларында психология-педагогика мен тарих және өнер факультеті марапатталды.
Сәу
15

«Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі»

«Ярмарка вакансий - 2016» 2016 жылдың 15 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылы оқу бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге үш қалалық және 12 аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, мектеп директорлары, Қостанай қаласы колледждерінің өкілдері, мектепке дейінгі мекемелердің директорлары мен әдіскерлері, халықты жұмыспен қамту орталығы қатысты. Жәрмеңке бағдарламасы бойынша алғы сөз ҚМПИ ректорының міндетін атқарушы Әбіл Еркін Аманжолұлына берілді. Жәрмеңкке барысында Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасы жалпы, орта білім беру бөлімінің бас маманы Татыбаева Махабат Шакатовна «Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарында белгіленген міндеттерді шешудегі жаңашыл ұстаздың рөлі» және Қостанай қаласы жұмыспен қамту орталығының маманы Науменко Ирина Станиславовнаның баяндамалары тыңдалды.
Амангелді ауданы әкімдігі білім бөлімінің «А. Нұрманов атындағы орта мектебі» ММ директоры Абишев Рауан Мухамедқалиұлы түлектерді бос жұмыс орындары және жұмыс жасау жағдайы туралы мәселелермен таныстырды.
Сәу
14

Қарасудағы кездесу

14.04.162016 жылғы 14 сәуірде ҚМПИ АНТ – «Дінтану орталығының» басшысы Ғ.И.Шаймерден Қарасу ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына Қазақстанның діни қауіпсіздігі мәселелеріне арналған дәріс оқыды. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы айтылып, бүгінгі таңда байқалатын негізгі жағымсыз үрдіс пен одан шығатын нақты қауіптер сөз болды. Дәрістің екінші бөлімі «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мәселелеріне арналды. Ғ.Шаймерден қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасының мазмұнын ашып, үштілді білімді дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлу керектігін айтып өтті.
Сәу
13

«Бірлігіміз жарасқан» фестивалі

Фестиваль «Бірлігіміз жарасқан» 2016 жылғы 13 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан халқының бірлігі күні – достық, татулық және келісім мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан» факультетаралық фестивалі өтті. Әр факультет республикамызда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің, мысалы, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті татар-башқұрт халқын, шетел тілдері факультеті неміс халқын, тарих және өнер факультеті орыс халқын, қазақ және орыс филологиясы факультеті украин халқын, жаратылыстану-математика факультеті шешен халқын, психология-педагогика факультеті армян халықтарының билерін билеп, мәдени дәстүрлерін көрсетті. Әр халық өзінше ерекше, дегенмен, бәріміз – бір елміз, бір халықпыз. Фестиваль соңында әділ қазылар мүшелері қатысушы-факультеттерге грамоталар тапсырды.
Сәу
11

Имаммен кездесу

11.04.162016 жылдың 11 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қазақ мұсылмандары Діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы, «Марал Ишан» облыстық мешітінің бас имамы Тажімбет Бақытбек қажы Нұрғабылұлының институт студенттерімен кездесуі өтті. Сонымен қатар бұл іс-шарада Қостанай облыстық әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері де болды. «Ислам және зайырлы қоғам» атты кездесу студенттерге Ислам діні туралы және зайырлы деген сөздердің ұғымдарын түсіндіру мақсатында өткізілді. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, бас имамнан сол сұрақтарға толық жауаптар алып, алғыстарын білдірді.
Сәу
08

Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған Айтыс

08.04.162016 жылдың 8 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған қалалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа облысымызға танымал, соның ішінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай педагогикалық колледжі және институтымыздың бірнеше жас ақындары қатысты. Әділ қазылар алқасының құрамында халық ақыны Әсия Беркенова, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов, облысымызға белгілі Ыбырайтанушы Қуанышпай Орманов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметов сияқты елімізге және облысымызға танымал азаматтар болды.
Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды ҚМПИ қазақ және орыс филологиясы факультетінің 3 курс студенті Нәрия Ақбаба қанжығасына байласа, 2 орын А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Қасым Нұрсұлтанға бұйырды, ал 3 орынды «Алау» телерадио компаниясының жүргізушісі Бақытжан Әлкебаев еншіледі.
Сәу
05

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі семинар

05.04.162016 жылғы 5 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенттерінің арасында семинар өтті. Семинарға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкері Д.Б.Ахметжанов шақырылды. Ол тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, мемлекеттік қызмет, Қостанай облысы мен тікелей студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын көрсету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар студенттер Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ЗРК жаңа заңымен танысты. Студенттер семинарға белсене атсалысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап ала білді.
Сәу
04

Педагогика кафедрасы оқытушылары ғылыми еңбектерінің көрмесі педагогики

16.04.04-exhibition2016 жылғы 4 сәуірде №211 компьютерлік-әдістемелік кабинетте педагогика кафедрасы оқытушылары ғылыми еңбектерінің көрмесі ашылды.
Аталған көрменің мақсаты: оқырман студенттердің педагогика ғылымын оқып-үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыру, өз бетінше білім алу үдерісіне көмек көрсету.
Көрмедегі экспозиция құрамына соңғы жылдары жарық көрген басылымдар кірді.
Көрме қабырғасында келесі жұмыстар ұсынылды:
1) 2012 жылғы 27 қаңтарда педагогика кафедрасы өткізген «Білім берудегі біріктіру үдерісі: проблемалары мен келешегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары; 2013 жылғы 10 сәуірдегі «Қазақстандық білім беруді модернизациялау жағдайындағы студент жастардың кәсіби қалыптасу және әлеуметтену ортасы»; 2014 жылғы 8 сәуірдегі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75-жылдығына арналған «Педагогикалық ғылым жастар көзімен» студенттік ғылыми-практикалық конференция материалдары; 2016 жылғы 12 ақпандағы «Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары тоғысында инновацияның тәжірибеге енгізілуі» Алтынсарин оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap