Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Мам
12

ҚР мемлекеттік қызметіне кіру мәселелері бойынша институт түлектерінің кездесуіҚР мемлекеттік қызметіне кіру мәселелері бойынша институт түлектерінің кездесуі

12.05.162016 жылдың 12 мамыры күні сағат 12.00 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен болашақ түлектері Қазақстан Республикасы Министрлігінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департаменті жетекшісінің орынбасары Досекенов А.М. кездесу өткізді.
Кездесу барысында Доскенов А.М. мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы ақпарат жеткізді, қатысушылар назарына «Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болад» тақырыбында презенетация ұсынылды.
Мемлекеттік қызмет ардагері Шуменбаев Канапья Мажитович студенттерге мемлекеттік қызмет ерекшелігін және бұл қызметтің артықшылықтарын жеткізді.
Студенттер өздерінің көкейдегі сауалдарын қойып, кездесу үшін алғыстарын білдірді.
Сәу
29

«Мәңгілік есте»

25-29.04.162016 жылғы 25-29 сәуір аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында мұражай үйірмесінің мүшелері мен мұражай меңгерушісі Г.А.Карина Ұлы Отан соғысының жеңісіне орай студенттерге «Мәңгілік есте» іс-шарасын өткізді. Іс-шара соғыс батырларын, институтымыздың оқытушы қаһармандарын еске алу, студенттер бойында патриоттық, Отанға деген махаббат сезімін ұялату мәселелеріне арналды. Жеңіс күні біз соғыс ардагерлеріне, тыл еңббеккерлеріне алғыс айтуымыз керек. Олардың өмірі, қаһармандық ерліктері жас ұрпаққа үлгі болып қалмақ.
Мұражай үйірмесінің мүшелері Қостанай мұғалімдер институтында оқытушы болып қызмет атқарған, зұлым жаудың есесін қайтарып, бейбіт өмірге орала білген, студент жастарды оқыту мен тәрбиелеуге атсалысқан соғыс ардагерлері жайлы баяндап берді.
Сәу
29

Ашық есік күні

29.04.162016 жылдың 29 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ашық есік күні өткізілді. Аталмыш іс-шараның біздің қара шаңырағымызда жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған.
Ағымдағы жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ашық есік күніне Қостанай қаласы мен облысынан 300-ге жуық оқушылар қатысты. Ашық есік күніне колледж түлектері де қызығушылық танытты, Қостанай қаласы мен облыстың 3 колледждің өкілдері қатысты.
Барлық қатысушылар институттың тарихымен, барлық мамандықтар бойынша жасалған жарнамалық жобалармен кеңінен танысты. Институт студенттерімен ұйымдастырылған мектептер мен колледждердің түлектерінің назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Сәу
27

«Екі жұлдыз 2016»

2-star2016 жылғы 27 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында институт оқытушылары мен студенттері арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Байқауға 9 дуэт қатысып, қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде ән шырқады. Әр жұп байқауға дайындалу кезіндегі қызықты сәттері бейнеленген бейнеролик әзірледі.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. «Букет из белых роз» әні үшін «Көрермендер көзайымы» сыйлығы жатақхана меңгерушісі Гульнар Шохановна Ахонова мен «Музыкалық білім» мамандығының 1 курс студенті Бекзат Жалғасқа тапсырылды. Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының оқытушысы Ғалия Сүлейменова мен «Музыкалық білім» мамандығының 1 курс студенті Бейбарыс Тойшан «Ең әртіс жұп» номинациясының жүлдегері атанды. «Ең үздік музыкалық образ» номинациясы психология-педагогика факультетінің оқытушысы Ақбидаш Абдиркенова мен «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті Мағжан Қуанышбаевқа берілді. «Ең музыкалық жұп» номинациясында Ақпараттық кітапхана орталығының директоры Инна Ивановна Нечипоренко және «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Илья Алябаев марапатталды. Жаратылыстану-математика факультетінің аға оқытушысы Алмагүл Косжанова және облыстық филармония әншісі Азамат Мұқатов «Үздік вокалдық орындау» номинациясының жүлдегері атанды.
Сәу
22

Студенттік инновациялық жобалар байқауы

22.04.162016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу;
2) Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
3) Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жооішілік инновациялық жобалар байқауы 3 кезеңде өтті.
Бұл байқау өткен оқу жылындағы студенттер өміріндегі ең басты оқиғалардың бірі болды. Аталмыш байқау студенттерге өзі таңдаған ғылым саласындағы білімдерін жетілдіріп, ой-өрісін дамытып, ғылыми жетекшілерінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибе дағдыларын қалыптастыруға бірден-бір септігін тигізері сөзсіз.
Сәу
22

Ректор кубогі үшін жайдарман орыс лигасының финалы

2016.04.222016 жылғы 22 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында факультеттер арасында Ректор кубогі үшін Жайдарман орыс лигасының финалдық ойыны өтті. Ақтық мәреге психология-педагогика факультеті, жаратылыстану-математика факультеті, шетел тілдері факультеті, қазақ және орыс филологиясы факультеті шықты. Ойын 3 кезеңнен тұрды: «Визитка», «Разминка» және «Фристайл» (үй тапсырмасы). 1 кезеңде шетел тілдері мен қазақ және орыс филологиясы факультеттері ұпай санын көбірек жинаса, 2 кезеңде жаратылыстану-математика факультеті алға шықты. «Фристайл» кезеңінде шетел тілдері мен қазақ және орыс филологиясы факультеттері ерекше ойындарымен көзге түсті.
Сәу
21

Көптілділік-заман талабы

21.04.162016 жылдың 21 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Көптілді білім болашақ мамандардың жаңашыл қоғамда әлеуметтенуінің бірден-бір тиімді факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Қазақстан халықтары Ассамблеясының және ҚМПИ оқу-әдістемелік басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері, Қостанай облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту бөлімі» ММ өкілдері, облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері, этномәдени қауымдастықтар өкілдері, Қостанай қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары, ҚМПИ декандары, кафедра меңгерушілері және студенттері қатысты.
Алғашқы сөз кезегімен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ректорының міндетін атқарушы, ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор, профессор Е. Әбіл және облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Кудайкулова Гульвира Жазитовна дөңгелек үстел отырысын ашты.
Сәу
19

Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілдерімен кездесу

19.04.1619 сәуір күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілдері ғылыми жұмыс жөніндегі бас директоры, профессор Тседисо Макоэле және Назарбаев университеті Жоғары мектебінің ғылыми қызметкері Толқын Омаровамен кездесу өткізілді.
Профессор Тседисо Макоэлемен тәжірибе алмасу мақсатында ҚМПИ профессорлық-оқытушылар құрамы үшін білім беру саласындағы зерттеу әдістері және рецензияланатын журналдарға ғылыми мақалаларды жариялау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap