Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Қар
01

Ректормен кездесу

01.11.11 Қарашаның 1-ші жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Қ.М.Баймұрзаев мырза қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге ректордың көмекшісі, қоғамдық және тәрбие жұмыстарының меңгерушісі, институттағы өзін-өзі басқару ұйымдары, атап айтсақ, ҚМПИ студенттерінің Альянсы, институттың кәсіподақ ұйымдары, студенттердің құқық қорғау отряды және жатақхананың студенттік кеңесі қатысты. Кездесу барысында студенттер өздерінің талап-тілектерін білдіріп өтті. Мысалы, институттың компьютерлік сыныптарын көбейту, үздік және аз қамтылған студенттерге қолдау жасау, асханадағы тағам сапасын жақсарту, сонымен қатар институт қабырғасында вокалдық студия ашу мәселелері қаралды. Ректор студенттердің пікірін тыңдаған соң, оларды алдағы жұмыс жоспарымен таныстырып, айтылған мәселелерді іске асыру міндетін алды.

Қар
01

ХАБАРЛАНДЫРУ

ped_olimp

ҚМПИ педагогика кафедрасы студенттерді және оқытушыларды Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 2011 жылдың 18 қарашада өтетін, «ВИВАТ, ПЕДАГОГИКА!» атты аймақтық педагогикалық олимпиадаға шақырады.

Олимпиаданың басталуы сағат 10.00.-да, ҚМПИ акт залында.

Мекен жайымыз: Таран көшесі 118.

Қаз
31

«Тума талант тағылымдары»

2011 жылдың 31 қазанынан 4-ші қарашасы аралығында "Тума талант тағылымдары" атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталыққа барша студенттер ат салысып, өз білімдерімен қоса өнерлерін көрсетіп, оқытушылар қауымын разы қылды. Апталықтың ашылуын 3-ші курс студенттері өте кең көлемді, мағыналы етіп ұйымдастырған. Осы жеті барысында 1-4 курс студенттері қатысуымен оқытушылардың ұйымдастыруымен түрлі айдарда, әр түрлі ауқымды іс-шаралар, білім додалары жүргізілді. Апталықтың жабылуын жаңа ғана ЖОО есігін ашып, табалдырығын аттаған 1 курс студенттері жоғары деңгейде өткізген. Жабылу кешінде қойылымды би биленіп, әсем әуен айтылды. Апта бойы өткен іс-шаралардың қорытындысымен қоса марапаттау қағаздарын табыстау үшін, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы сөз сөйледі. Жабылу кеші аяқталған соң 1 курс студенттері ұйымдастыруымен спорт залында студенттер және кафедра оқытушылары болып, екі команда волейбол, көңілді старт жарыстарына қатысты. Бұл ойындарға 1-4 курс студенттері бір кісідей ат салысты.

Филология факультетінің бетке ұстар топтары, яғни қазақ тілі мен әдебиеті студенттері апталық барысында өздерінің білімді, білікті және де өнерлі екендігін апталық барысында бірнеше қайтара дәлелдеді.

БО тілшісі Искакова Айханым

Қаз
28

«Балаларға жылу тамшысын сыйла!»

2011 жылдың 28 қазанынан бастап биология және география кафедрасының «Балаларға жылу тамшысын сыйла!» қайырымдылық акциясы басталды. Акция бір айға созылады. Қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасының 20-жылдығы құрметіне ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты– біздің еліміздің жас жеткіншектеріне салауатты өмір салтын ұстанып, өзіндік тұлғасының қалыптасуына, дамуына ықпал ету. ҚМПИ биология және география кафедрасы қайырымдылық акциясы барысында балаларға оқу процесіне қажетті проектор сыйлады.Студенттік актив мүшелері атынан балаларға студенттердің өздерінің қолымен өсірген бөлме өсімдіктерін де сыйға тартты. Биология және география кафедрасы жыл сайын салауатты өмір салтын үгіттейтін, үлкендердің қамқорлығына зәру жетім балаларға қайырымдылық акциясын өткізіп отырады.  ҚМПИ биология және география кафедрасының оқытушылары жыл сайын өздерінің оқытушылық қызметтерінен қол үзбей отырып, қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға өздерінің үлестерін қосып келеді. Сонымен қатар, басқа кафедралардың студенттері мен оқытушыларын да акцияға қатысуға ықпал етіп келеді. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өздерінің көмектерін аямайды. Біздің облыстың адамдары мен бизнесмендерінде жетім балаларға қайырымдылық көрсетуге үнемі шақырып отырады. Кафедраның қайырымдылық қызметі негізінен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім балаларға көмек көрсетуге бағытталған.
Қаз
28

Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденеуі

28.10.2011 28 қазан күні Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай мемлекттік педагогикалық институтында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденеуі» атты облыстық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға тек белсенді студенттер мен оқытушылар қатысып қана қоймай, жаз бойы облысымыздың игілігіне еңбек еткен қала мен аудан жастарының өкілдері жиналды. Олар біздің аймағымызды жас көшеттерге толтырып, әлемеуттік-мәдени орындарды жаңартты. Аталмыш іс-шара еліміздің аймақтарын көгалдандыруға ат салысып жүрген студенттермен қатар, «дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылды жерге жұмысқа орналасқан жастарды марапаттау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада Қостанай облысы әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов, Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бастығы Тамара Жакупова, табиғат ресурстары мен табиғатты қолдануды реттеу басқармасының бастығының орынбасары Ольга Полищук құрметті қонақтардың қатарында болды. Олар біздің облысымыздың игілігіне еңбек еткен студенттерді марапаттап, сыйлықтар тарту етті. Іс-шара аяқталған соң форумға қатысушылармен бірге институтымыздың әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөнідегі проректоры Тілеген Ахметов институт алаңында «Менің атымдағы ағаш» акциясына қатысты.

Институттың баспасөз хатшысы С. Шаймурунов

Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap