Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Қырк
26

Флешмоб конкурсы

26.09.162016 жылғы 26 қыркүйекте Қостанай қаласының Сити орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Министрлігінің Қостанай облыстық департаменті Білім басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Қостанай қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызмет мәртебесін көтеруге бағытталған «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» эгидасымен облыстық флешмоб конкурсын өткізді. Конкурсқа ЖОО, колледж студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктері және бастамашыл топтар, сонымен қатар Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері – барлығы 11 команда қатысты. Облысымызда алғашқы рет өткізіліп отырған флешмоб қала тұрғындары үшін тосын сый болды.
Қырк
24

Құттықтаймыз!

22-24.09.162016 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында Қостанай қаласында өткізілген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Жас Барыс» турнирінің жеңімпаз жүлдегерлерін құттықтаймыз.
1. Фазлахатов Қанат I орын 55 кг 1 курс ДШ және С
2. Туянаков Нурсултан I орын 72 кг 1 курс ДШ және С
3. Аскеров Асхат II орын 81 кг 1 курс ДШ және С
4. Сәкен Шерхан I орын 81 кг 2 курс ДШ және С
5. Сұлтан Арман I орын +100 кг 2 курс ДШ және С
Қырк
22

Қазақстан этникалық топтарының тілдерін дамытуы Қазақстан халқының Ассамблеясы қызметінің бір бағыты

22.09.162016 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында қосымша білім беру факультеті Тарих және өнер факультетінің «Тарих», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 1-3 курс студенттерімен «Қазақстан этникалық топтарының тілдерін дамытуы Қазақстан халқының Ассамблеясы қызметінің бір бағыты» тақырыбына кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин Сергей Владимирович институттың тарихы және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жұмысы жайлы ҚМПИ мұражайында экскурсия өткізді.
Қырк
16

Денсаулық күні

16-09-162016 жылғы 16 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спорт алаңында Денсаулық күніне орай институт оқытушылары мен студенттері арасында спорттық іс-шара өткізілді. Қатысушылар спорттың тоғыз түрі бойынша жарысты: Волейбол, шағын футбол, асық ату, эстафета, гір спорты, дартс, арқан тартыс, армрестлинг, ұзындыққа секіру.
Байқау қорытындылары: Волейболдан: Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті – 1 орын, Тарих және өнер факультеті – 2 орын, ФФ – 3 орын; шағын футболдан: Жаратылыстану-математика факультеті – 1 орын, Тарих және өнер факультеті – 2 орын, Ректорат – 3 орын, асық атудан: Өтеген Исенов ТӨФ – 1 орын, Ермек Абдраш ЖМФ – 2 орын, Ардабек Ислам ЖМФ – 3 орын, Гүлсая Алпысбай ППФ – 1 орын, Ақжан Қуаныш ППФ – 2 орын, Айдана Тілегенова ППФ – 3 орын, эстафета 8х300: ДШСжТФ – 1 орын, ЖМФ – 2 орын, ТӨФ – 3 орын, эстафета 4х300: ДШСжТФ – 1 орын, ЖМФ – 2 орын, ФФ – 3 орын, гір спортынан (16 келі): ДШСжТФ – 1 орын, ДШСжТФ – 2 орын, Нұрболат Кани – 3 орын, дартс ойынынан: Алихан Амасов ДШСжТФ – 1 орын, Павел Згурский ДШСжТФ – 2 орын, Ерлан Хамилин ТӨФ – 3 орын, М.Ильяшенко ЖМФ – 1 орын, Т.Еришева ТӨФ – 2 орын, А.Саиранова ФФ – 3 орын, арқан тартыстан: ДШСжТФ – 1 орын, ТӨФ – 2 орын, ШТФ – 3 орын, армрестлинг: Бакберген Мадияр ТӨФ – 1 орын, Сергей Турмин ДШСжТФ – 2 орын, Дауржан Матыгулов ТӨФ – 3 орын, ұзындыққа секіруден: Шолпан Насырова ДШСжТФ – 1 орын, Мадина Жанайдарова ППФ – 2 орын, Виталина Навалова - ДШСжТФ – 3 орын, Илья Клепиков - ДШСжТФ – 1 орын, Бакберген Мадияр ТӨФ – 2 орын, Александр Ратушный – ШТФ 3 орын.
Қырк
06

«Жол-көлік оқиғасына ұшыраған тұлғаларға уақтылы дәрігерлік көмек көрсету» семинары

06.09.162016 жылғы 6 қыркүйекте «Водитель АВС» автомектебінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері және Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі проблемалар орталығымен бірлесе отырып, «Жол-көлік оқиғасына ұшыраған тұлғаларға уақтылы дәрігерлік көмек көрсету» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда «Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару бөлімі» ММ бас маманы Наталья Владимировна Лосенкова және «Қостанай қаласының Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару бөлімі» ММ фельдшер құтқарушысы Дмитрий Владимирович Афанасьев баяндама оқыды. Семинарда мамандар студенттерге жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу керек және алғашқы дәрігерлік көмекті қалай көрсету қажеттігін түсіндірді.
Қырк
01

Білім күні

1-sept-20162016 жылғы 1 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Білім күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шарада жоғары курс студенттері өнер көрсетіп, ҚМПИ ректорының м.а., тарих ғылымдарының докторы Е.А. Әбіл студенттерді білім күнімен құттықтады. Алғашқы қоңырау соғу салтанатына бірінші курс студенті – «Алтын белгі» иегері Алма Рысмұхамбетова және гір спорты бойынша ҚР бірнеше мәрте чемпионы И.Кангаш ие болды. Іс-шара соңында бірінші курс студенттері институтпен, факультеттермен танысуға шақырылды.
Шілд
05

Валенсиядағы кездесу («ACADEMICA» жобасы)

04-05.07.162016 жылдың 4-5 маусымында (Испания) Валенсия қаласы Политехникалық Университетінде Еуропалық Комиссияның 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP нөмірімен тіркелген «Аccessibility and Harmonization of Higher Education in Central Аsia through Curriculum Modernization and Development /ACADEMICA/» халықаралық жоба қатысушыларының кезекті кездесуі өтті (әріптес мемлекеттер және Орталық Азия мемлекеттерінің білім беру бағдарламаларын жетілдіру арқылы жоғары білім жүйесін оңтайландыру және қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша).
Кездесуге қатысушылар жобаны жүзеге асыру үрдісі бойынша ағымдық есептер ұсынды. Әріптес мемлекеттер білім беру мекемелерінің ұлттық көрсеткіштерінің талдануы және вебсайттар бойынша баяндамалары тыңдалды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдері Сухов М.В., Кифик Н.Ю., Данилова В.В. «Инженерлік кадрларды дайындауға бағытталған құзыреттіліктерді қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Баяндаманың негізгі мақсаты - инженерлік кадрлардың қызмет көрсету бойынша жалпы және арнайы мүмкіндіктерін арттыру. Қатысушылар құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстың мақсатқа бағытталуын және аудиториялық, аудиториядан тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін қамтуын қажеттігін жеткізді.
Мам
18

Институт түлектерін жұмысқа орналастыру жөнінде комиссия отырысы

18.05.1618 мамыр күні ҚМПИ-да «Жас мамандарды жұмысқа бөлу жөнінде комиссия құру туралы» 22.04.2016 ж. № 16-Т бұйрығының негізінде күндізгі және сырттай бөлімдерде білім алушы 2016 жылдың болашақ түлектерін жұмысқа бөлу рәсімі өткізілді.
Комиссия жұмысына комиссия төрағасы институт ректорының м.а. Әбіл Е.А., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің Мырзахметова С.У., оқу-әдістемелік басқарма бастығы Кифик Н.Ю., Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімі кадр бөлімінің жетекшісі Дощанова А.Д., факультет декандары, практика, жұмыспен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева А.Б. қатысты.
Жұмысқа бөлу бойынша жұмысты Әбіл Е.А. бастады, ол студенттерді өмірдің жаңа кезеңіне аттағанымен, яғни жұмысқа орналасу мүмкіндігімен құттықтады.
Практика, жұмыспен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева А.Б. 2012 жылдың 30 наурызындағы № 390 қаулысына сәйкес жұмыспен қамту және жас мамандарға жұмысқа жолдама беру жөніндегі толықтырулар мен өзгерістерді жеткізді.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap