Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Қаз
21

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жаңа Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды

21.10.16 421 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі мен презентациясы өтті.
Презентация аясында кафедраның ашылу рәсімі және «Елдің қоғамдық-саясаттық процесстеріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы қафедрасының ғылыми-білім және тәрбиелік рөлі» дөңгелек үстелі өтті, модераторы болып қосымша білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Самаркин Сергей Владимирович сөз сөйледі.
Кафедраның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты IV-V сайланымдары, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кафедрасының меңгерушісі Башмаков Анатолий Афанасьевич ҚХА кафедрасының ашылу өзектілігін және оның қазіргі заман Қазақстанның дамуы үшін және жастарды төзімділік, отаншылдық рухында тәрбиелеуде маңыздылығын айтып өтті.
Қаз
20

Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі

19-20.10.162016 жылғы 19-20 қазанда ҚМПИ «Мәңгілік ел» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі Ғ.И.Шаймерден Омбы қаласында өткен «Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ғ.Шаймерден этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшелігі туралы баяндады. Сондай-ақ ол Қазақстанда қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған заманауи реформаларға тоқталды. ҚР Президенті жариялаған көптілді білім беру реформасы омбылық әріптестердің шынайы қызығушылығын туғызды.
Қаз
17

Бақылау кеңесі отырысының қорытындысы

17.10.162016 жылғы 17 қазан айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында бақылау кеңесінің отырысы өтті. Бақылау кеңесі мүшелігіне Қостанай облысының түрлі саласында қызмет атқаратын белгілі тұлғалар кіреді. Сонымен қатар отырысқа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангельдиевна Суханбердиева да қатысты. Ол бірауыздан бақылау кеңесінің төрайымы болып сайланды.
Күн тәртібінде «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазым орнына орналасу үшін, конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың жоо даму бағдарламасын қарастыру мәселесі тұрды.
Қаз
14

Қостанай облысының ақпараттық-түсіндіру тобы басшылары мен мүшелерінің слеті

14.10.162016 жылғы 14 қазанда ҚМПИ мәжіліс залында Қостанай облысы қалалары мен аудандары жоо, колледждерінің ақпараттық-түсіндіру топ басшылары мен мүшелерінің облыстық слеті өтті. Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасының бастығы Н.К.Нугурбеков АНТ-ның 2016 жылғы жұмыстарының қорытындысы мен 2017 жылға арналған міндеттер жайлы баяндама оқып, Дінтану орталығы – ҚМПИ АТТ қызметіне ерекше тоқталып өтті. Конфессияаралық келісімді насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қосқан сүбелі үлестері үшін, ҚМПИ АТТ мүшелері Д.Әбенов, К.Әбілмәліков және Ғ.Шаймерден Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасының алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Қаз
13

Тарихи мұражайға экскурсия

15.09-13.10.162016 жылғы 15 қыркүйек пен 13 қазан аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарихи мұражайында мұражай меңгерушісі Г.А.Карина бірінші курс студенттеріне мұражайды аралатып, экскурсия өткізді. Мақсаты – студенттерді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрылған күнінен бергі бай тарихымен таныстыру. Г.А.Карина институт дамуының жекелеген кезеңдерін көрсететін материалдар орналастырылған мұражай стендтері мен көрмесіне назарларын аудартып, институт тарихы, профессорлар, еңбек ардагерлері, оқытушылар мен студенттердің жетістіктеріне арналған стендтерді көрсетті. Сондай-ақ студенттер «Құрметті қонақтар кітабы», «Қонақтар кітабы» және «Институттың құрмет кітабы» атты 3 альбоммен танысып, қонақтарға арналған альбомға мұражайдан алған әсерлері мен тілектерін жазып қалдырды.
Қаз
06

«Студенттер қатарына қабылдау – 2016»

kgpi-06-10-162016 жылғы 6 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында бірінші курс студенттерінің дәстүрлі әрі маңызды мерекесі «ҚМПИ студенттігіне қабылдау – 2016» мерекелік іс-шарасы өтті. ҚМПИ ректорының міндетін атқарушы Е.А.Әбіл студенттерді құттықтап, 1 курс студенті Айдос Кызыринов пен «Алтын белгі» иегері Гүлзира Тасановаға студенттік билеттерін тапсырды. Іс-шара студенттердің концерттік нөмірлерімен жалғасып, олардың сахналық қойылымдары әр факультеттің кәсіби бағыты мен ерекшелігін көрсете білді. Студенттер қатарына қабылдау мерекелік іс-шарасы бірінші курс студенттерінің есінде қаларлықтай өте көңілді, әрі ерекше өтті. Бірінші курс студенттерін мерекелерімен шын жүректен құттықтай отыра, оларға оқуда, ғылым мен қоғамдық өмірде үлкен жетістіктер тілейміз!
Қырк
29

ACADEMICA жобасы аясында өткізілген кездесу-мониторинг

проекту ACADEMICA 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP.2016 жылдың 29 қыркүйегінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситетінде Erasmus+ Еуроодақ тарапынан қаржыландырылатын халықаралық ACADEMICA 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP жобасы бойынша кезекті кездесу-мониторинг өткізілді.
Кездесу барысында шетелдік (Валенсия қ. Политехникалық Университеті, Испания; Гильермо Маркони Университеті, Италия) және қазақстандық (А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті) Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстандық инженерлік білім беру қоғамы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты) серіктестестердің есеп беру баяндамалары тыңдалды.
Қырк
29

Мұғалімдер күні

16-09-29-teach day2016 жылы 9 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Халықаралық мұғалімдер күні 1994 жылдан бастап әлемнің 100-ден аса елінде тойлана бастады. Бұл күні мұғалімдердің рөлі мен еңбегі, жастарды тәрбиелеу мен оқытуда қосқан баға жетпес үлесі, білім беру үрдісінің сапасын көтерудегі қажымас қайраты бағаланады.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор Т.Ә.Ахметов институттың ұстаздар қауымын құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті. Салтанатты іс-шараға ҚМПИ ардагерлері шақырылып, ақшалай сыйлықтар берілді. Іс-шара одан әрі институт студенттерінің концерттік нөмірлерімен жалғасты. Педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, концерттен соң, кафедра отырыстарына шақырылды.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap