Анонстар

Көптілділік орталығы институт қызметкерлері, ұстаздары және студенттері үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша түрлі деңгейлік тегін курстарына қосымша қабылдау жасайды. Курсқа 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін 129 каб. жазылуға...
ХАБАРЛАМА 2016 жылдың 15 желтоқсаны мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсы өткізіледі. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2016...
Қар
09

«АКАДЕМИКА» жобасы бойынша Рим қ. кездесу, Италия

italy-8-9.11.162016 жылдың 8-9 қарашасында Гульельмо Маркони атындағы Университетте (Рим қ., Италия) Erasmus+ Еуроодақпен қаржыландырылатын ACADEMICA 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жоба аясында серіктестердің кездесуі өтті. Аталмыш кездесу барысында ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша оқыту курсының дайындалу нәтижелерін талқылауда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарапынан Кифик Н.Ю., Сухов М.В. және Данилова В.В. белсенділік танытты.
Кездесу барысында жобаның жүзеге асу жолдары талданып, оның негізгі кезеңдері анықталды. Г. Маркони атындағы Университетінің жетекші оқытушылары Е.Гранде, А.Пиерони және С.Меоланың «Оқыту бағдарламаларын таныстыру арқылы оқыту курстарын жетілдіру» туралы баяндамасы тыңдалды.
Adobe Presenter бағдарламасы бойынша электрондық білім беру нысандарын құруды меңгерту мақсатында тренингтік сессиялар ұйымдастырылды.
Нәтижеге бағытталған кездесу жобаның келесі кезеңдерін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.
Қаз
31

Дінтану мұғалімдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысы

31.11.1631 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Зайырлылық және дінтану негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қостанай облысы әкімдігі Дін істері басқармасының өкілдері, ҚМПИ оқытушылары, «Дінтану орталығы» ҚМПИ АТТ мүшелері және Қостанай облысының дінтану мұғалімдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында мектеп оқушыларына арналған дінтану оқулығының артықшылықтары мен кемшіліктері талқыға салынды. Мектептегі дінтану пәні бойынша оқу жүктемесі, оның факультатив ретінде заманауи дәрежесі қарастырылды. Сонымен қатар эстетикалық және патриоттық тәрбие, ғаламтор желісінің кері әсерінің алдын алу, жас ұрпақтың түрлі дәстүрлі емес діни ағымдарға көзқарасы мәселелері көтерілді.
Қаз
29

«Педагогтың кәсіби қызметіндегі инновациялық оқыту технологиялары»

29.10.16Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2016 жылдың 17 қазанынан бастап 29 қазанына дейін мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Педагогтың кәсіби қызметіндегі инновациялық оқыту технологиялары» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті.
Осы курстарда оқытудың активті әдістері мен интерактивті технологияларын, оқыту мен оқудағы жаңа құралдарын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданылуы сұрақтары қарастырылды. Институттың жетекші оқытушыларымен тәжірибелік сабақтар, мастер-класстар, ақыл-кеңестер және тренингтер өткізілді.
Қаз
27

Отбасы күні

family day 27.10.1627 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Халықаралық отбасы күніне орай отбасын құрған студенттер арасында «Мерейлі отбасы» іс-шарасы өткізілді. Конкурсқа екі отбасылы жұп: тарих және өнер факультетінің музыкалық білім мамандығының 4 курс студенті Гүлнұр Жақсылықова және Еркебұлан Олжабаев, психология-педагогика факультеті дефектология мамандығының 1 курс студенті Мария Кузина және жұбайы Дмитрий Петрович Кузин қатысты. Конкурс 4 кезеңнен тұрды: 1 тур – өз отбасы жайлы презентация жасау; 2 тур – «Дәстүр»; 3 тур – «Аспаздық шеберлік», 4 тур – «Отбасылық хобби – біздің талантымыз». Регламент бойынша әр тур үш минуттық уақыттан аспай, 5 балдық жүйемен бағаланды. Конкурс қорытындысы бойынша Гүлнұр Жақсылықова мен Еркебұлан 1 орынды иеленсе, Мария Кузина мен Дмитрий Кузин 2 орынды иеленді. Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Қаз
26

ҚМПИ студенттеріне АТТ мүшелерінің баяндама оқуы

26.10.162016 жылғы 26 қазанда Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасы жанындағы облыстық АТТ (ақпараттық-түсіндіру тобы) мүшелері В.И.Калашев пен К.К.Әбілмәліков ҚМПИ 1 курс студенттеріне
баяндама оқыды. Владимир Иванович Калашевтың баяндамасы деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес діни ағымдар қатарына сипаттама беруге арналды. К.Әбілмәліков интернет желісі арқылы деструктвиті ағымдардың жақтаушылары қолданатын психологиялық ықпалдар мен өз қатарларына тартудың түрлі әдіс-тәсілдері жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында «Қостанай облыстық психологтер қауымдастығы» ҚҚ волонтері, ҚМПИ 2 курс студенті А.Бычихина діни экстремизмнің алдын алу мәселелері туралы баяндама оқып, Қауымдастық қызметі туралы айтып өтті.
Қаз
21

ҚМПИ ректоры кубогі үшін жайдарманның 1/8 финалы

kvn-21.10.162016 жылғы 21 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Ректор кубогі үшін Жайдарман ойыны өтті. Жаңа маусым фестиваль мен 1/8 финалдық ойынымен басталды. Ойынға облысымыздың жоғары және орта арнайы оқу орындарынан 8 команда қатысты. Әр команда «Таныстыру» конкурсында өз шеберліктерін көрсете білді. Ойын жоғары дәрежеде өтті.
Конкурс қорытындысы:
1 орын – «iD TV» құрама командасы;
2 орын – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Парламент» командасы;
3 орын – Қостанай политехникалық колледжінің «Көңілді студенттер» командасы. Командалардың барлығы да 1/4 финалдық ойынына жолдама алды.
Қаз
21

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жаңа Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды

21.10.16 421 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі мен презентациясы өтті.
Презентация аясында кафедраның ашылу рәсімі және «Елдің қоғамдық-саясаттық процесстеріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы қафедрасының ғылыми-білім және тәрбиелік рөлі» дөңгелек үстелі өтті, модераторы болып қосымша білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Самаркин Сергей Владимирович сөз сөйледі.
Кафедраның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты IV-V сайланымдары, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кафедрасының меңгерушісі Башмаков Анатолий Афанасьевич ҚХА кафедрасының ашылу өзектілігін және оның қазіргі заман Қазақстанның дамуы үшін және жастарды төзімділік, отаншылдық рухында тәрбиелеуде маңыздылығын айтып өтті.
Қаз
20

Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі

19-20.10.162016 жылғы 19-20 қазанда ҚМПИ «Мәңгілік ел» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі Ғ.И.Шаймерден Омбы қаласында өткен «Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ғ.Шаймерден этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшелігі туралы баяндады. Сондай-ақ ол Қазақстанда қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған заманауи реформаларға тоқталды. ҚР Президенті жариялаған көптілді білім беру реформасы омбылық әріптестердің шынайы қызығушылығын туғызды.
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap