serpin-2050-logo
2014 жылдан бастап Қазақстанда «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» мемлекеттік «Серпін-2050» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.
Бағдарламаның мақсаты – өсімі мол оңтүстік жастарын адам саны аз, жұмыс қолы жетіспейтін солтүстік, батыс, шығыс өңірінде оқытып, болашақта жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.
2014 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «Серпін-2050» бағдарламасын орындауға қатысатын жоғары оқу орны ретінде белгіленді. Осыған байланысты институт құзырлы орындарға оқу орнында аталмыш бағыттарда дайындалатын мамандықтарға 150 орын белгілеуді өтінді. Мемлекет тарапынан берілетін гранттардың университеттегі мамандықтар бойынша іштей бөлу төмендегі кестеде көрсетілген. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «Серпін» бағдарламасы шеңберінде грантқа ие болған талапкерлерді жатақханамен қамтамасыз етуге атсалысып, мемлекеттік маңызы бар бағдарламаны жүзеге асыруға өз үлесін қосуға берік бекініп отыр.
 

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» мемлекеттік «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2014-2015 оқу жылындағы Қостанай мемлекеттік университетіне бөлінген мемлекеттік білім гранттары

Мамандық Грант саны
1 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 20
2 5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 20
3 5В010500 – Дефектология    20
4 5В010300 – Педагогика және психология 15
5 5В010900 – Математика 15
6 5В011400 – Тарих 15
7 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті 15
8 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі    15
9 5В011000 – Информатика 10
  БАРЛЫҒЫ 145

Оқуға түсу ережелері

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша грант иегері атану үшін ҰБТ және Кешенді тестілеу кезінде жобаға қатысушы 18 университеттегі 69 мамандықтың бірін таңдауға міндеттісіз.
1) ҰБТ немесе КТ-ден шекті және одан жоғары балл жинаған талапкерлер (бұл талап шығармашылық емтихан тапсыратындарға қатысы жоқ 4-ші таңдау пәнінің орнына шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлерге төменде арнайы түсініктеме көрсетілген).
2) ҰБТ-ға қатыспаған, былтыр немесе оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп, ЖОО-на грантқа түспеген жастар КТ тапсырғаннан кейін қатыса алады; Кешенді тест (КТ) 17-23 шілде аралығында өтеді. Ал КТ-ға қатысу арызы 20 маусым мен 9 шілде аралығында жергілікті Қабылдау комиссиясында қабылданады.
3) Егер бейіндік пән бойынша 7 баллдан аз алсаңыз, онда конкурсқа қатыса алмайсыз;
Ескерту: егер бағдарламада көрсетілген 19 ЖОО үшін бөлінген 5000 арнайы грантты (мамандықтарды) таңдамасаңыз, бұл бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алмайсыз!
4) Шығармашылық емтихан баллдарын және ҰБТ-дағы негізгі 3 пәннің (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика) баллдарын қосқанда, 50 балл немесе одан жоғары болғанда қатыса алады.
5) Ал сол негізгі 3 пәндерден (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика пәндерінен) 4 баллдан аз алса және Шығармашылық емтихандардың әрқайсысынан 10 баллдан кем алса, бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алмайды.
6) Егер ҰБТ-дан 50 -ден төмен балл алса, онда шығармашылық емтиханы бар мамандықтарды таңдауға болады (мысалы: Дене шынықтыру мәдениеті және спорт).
Осы бағдарлама бойынша шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшін ақпарат.
7) 5000 арнайы граттардың ішінде шығармашылық емтихан тапсыратын мамандықтар бар. Мысалы: «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт», «Журналистика», «Дизайн» тәрізді  мамандықтар. Жалпы баллды есептеу үшін ҰБТ-дағы 4-ші таңдау пәні алып тасталынады, ал оның орнына шығармашылық емтихан қорытынды баллын қосады.

Оқуға түсу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру міндетті:

-білім жөніндегі құжат (аттестат немесе диплом, қосымшасымен бірге) түпнұсқасы;
-БҰТ сертификаты (осы жылғы түлектер үшін);
-жеке куәлігінің көшірмесі (жеке куәлік немесе паспорт);
-086-у формалы медициналық анықтама;
-6 дана ¾ фотосуреті;
-фамилиясын өзгерткен (қыз балалар) жағдайда – неке туралы куәлігінің көшірмесі;
- жеңілдікке дәмелілер үшін - оны растайтын құжаттар.
Біздің мекен - жайымыз: Қостанай қаласы, Таран көшесі, 118 үй. Телефонымыз: 8 (7142) 54-28-49. Қабылдау комиссиясы.
serpin

Joomla 1.6 Template
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap