Новости и объявления

ҚМПИ академиялық жинақылық

mobile

2008 жылы Болонь қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, әлемдегі ең белгілі жоғарғы оқу орындарының қатарына қосылды. Бұл Ұлы Хартияда көрсетілген принциптерге сай біздің оқу орнымыз білім мен ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми, мәдени және техникалық дамудың орталығы болып отыр.

Болонь Декларациясына қол қою арқылы біздің институтымыз еуропалық білім беру кеңістігінің толық қанды мүшесі болып қана қоймай, жоғарғы білім беруде бірталай жаңалықтарды енгізіп, бұл салада халықаралық дәрежеге бір табан болса да жақындадық.

ҚМПИ - де жүзеге асырылып жатқан білім берудің кредиттік технологиясы студенттердің білімін бағалауды жаңа сатыға көтеріп, еуропалық талаптарға сәйкестендіруде. Бұл жаңалықтың пайдасы қандай? Ең алдымен жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларын салыстыра келіп, студенттерге бір ғана оқу орны емес, басқа да салалас жоғарғы оқу орындарында да білім алуға мүмкіндік береді. Осылайша, біздің студенттерімізге өз білімдерін еліміздің басқа жоғарғы оқу орнында ғана емес, басқа да елдің гуманитарлық жоғарғы оқу орнында білім алуға мүмкіндік туып отыр. Бүгін, бұл - шындыққа айналды. Академиялық жинақылық деген осы.

Академиялық жинақылықты үйлестіру жұмысын ҚМПИ-ның Тіркеуші офисі жүзеге асырады. Бүгінгі таңда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты тараз декларациясына қол қойған республикамыздың 14 жоғарғы оқу орнымен Келісім - шартқа тұрып, өз студенттерімізді сол жоғарғы оқу орындарында оқытуға мүмкіндік алса, АҚШ-тың Бейбітшілік корпусы мен Виа Домициядағы Перпиньян университеті біздің шет елдік әріптестеріміз болып отыр.

Болонь процесі мен Тараз декларациясына қол қоюдың нәтиждесінде студенттеріміз, салалас басқа жоғарғы оқу орындарында, тек белгілі дәрежеде шет тілін меңгерген болса, өтпелі және қосымша емтихандар тапсырмай-ақ, барып оқи беруге мүмкіндік алып отыр.

Бакалавриатта оқу бағдарламасының шеңберінде студенттер шер тілінің курсын өтеді (6 кредит). Үшінші курстың бағдарламасына, пәндік шет тілді меңгеру үшін «Кәсіби бағдарға бейімделген шет тілі» сабағы енгізілген. Мұнымен қосымша, институт басшылығы кәсіби пәндер бойынша біліктіліктерін көтеру үшін де жағдай туғызатын болады. Сондай-ақ студенттерге өздері таңдаған курс бойынша шет тілін меңгеруге жағдай жасалатын болады. Бұл ретте, студенттерді оқытуға шетел тілдері кафедрасының оқытушыларының рөлі ерекше болмақ. Бүгінгі күннің талаптарына сай оқулықтар, оқытудың ең жетік әдістемелерін қолдану, шет елдер мен Қазақстанның озық оқу орындарында стажировкадан өту - бұлардың барлығы студенттерімзіге шет тілдерін барынша терең игеруге мүмкіндік берері сөзсіз.

Сұрақтар мен жауаптар

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқып жатқан студент, осы жүйемен шетелге барып оқығанда, мемлекеттік грант өз күшін сақтай ма?
Әрине сақталады. Бұған қосымша ол шетелде оқып жүріп-ақ тиісті шәкіртақысын да ала алады.
Шетелге барып оқыған студенттің шығынын кім көтереді?
Біздің жағдайымызда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Министрлік оған оқу үшін ғана емес, шетелге шығу визасын рәсімдеуге кететін шығын, самолетпен барып-келу жол шығыны, оқыған кездегі пәтер ақысы мен тамағы және медициналық сақтандыру төлемдерін де өтейді. Егер Сіз академиялық жинақылық шеңберінде шетелге оқуға жіберетін конкурстан өте алмай қалсаңыз, қапаланбаңыз. Егер барлық шығынды - ата-анаңыз, болмаса демеушілер, әлде халықаралық ұйымдар өз мойындарына алған жағдайда, біздің бағдарлама шеңберінде шетелге барып оқуға мүмкіндігіңіз болады.
Мен шетелде оқып жатқанда мұндағы оқу жоспарының орындалуы қалай болады. Менің оқуыма кім баға береді, шетелде оқыған кездегі көрсеткіштерім біздің институтта ескеріле ме?
Таңдаған мамандық бойынша жоғарғы білім алу үшін мұндағы оқу жоспарын орындау әрқашанда да міндетті болып қала береді. Яғни, семестрлік емтиханды тапсырып, қажетті бағаны алу міндетті. Ол үшін бүгінгі байланыс жүйесін пайдаланып, қашықтықтан емтихан тапсыруға болады. Тіпті болмаған жағдайда, емтихан тапсырылмаған пәндер бойынша Сіздер үшін қосымша жазға семестр ұйымдастырылатын болады.
Басқа жоғарғы оқу орнында жеткен табыстарым, өзіміздің институтта бағасын ала ма?
Әрине. Осының нәтижесінде ғана академиялық жинақылыққа жетіп отырмыз. Мұнымен қоса, Сіздің шетелдерде нақты пәндерден алған бағаларыңыз, қайда оқығандығыңыз көрсетіліп, дипломға қосымша ретінде беріледі. Бұл дегеніңіз, сіздің дипломыңыз, басқаларға қарағанда бәсекелестікке шыдамды деген сөз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің (30.12. 2011 № 549) бұйрығына сай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының бес студенті 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, бір семестр бойы Перпеньян қалалсындағы (Франция) Виа Домита университетінде, екі студентіміз АҚШ-дағы Батыс Вирджиния университетінде оқуға мүмкіндік алып отыр. Студенттеріміз бұл жоғары оқу орындарның танымалы профессорларынан дәріс алып қана қоймай, олардың оқу жүйелерімен, сабақ беру әдістерімен, студенттердің білім деңгейлерімен танысып, тіпті, бізде қандай, оларда қандай деп, салыстырып та көре алатын болады. Шетелге барып оқу, кімге болса да басқа елді танып - білуге, ол ел жайлы ой қорытып, үлгі алуға да мүмкіндік берері сөсіз.

ҚМПИ-ны студенттерінің халықаралық білім беру бағдараламасына қатысулары

2011 жылдың қазан айында біздің институтымызда, неміс тілінен, стипендия тағайындайтын ДААД (академиялық алмасудың неміс қызметі) бағдарламасы шеңберінде неміс тілінен On- Iine тестілеуі өткізілген болатын. Оның қорытындысы бойынша біздің институтымыздың («Туризм» және «Шет тілі: неміс және ағылшын тілдері» мамандықтары бойынша білім алып жатқан) екі студенті өздерінің жазғы семестрлерін Германияның белгіленген жоғарғы оқу орындарында өткізудің стипендияларын жеңіп алды.

Joomla 1.6 Template
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap