|
2010 жылдың 4 ақпанында ғылыми кітапхананың оқырман залында ұзақ жылдардан бері баспа сөз саласында жемісті қызмет атқарып жүрген Оразалы Жақсановтың шығармашылығымен танысу кеші ұйымдастырылды. Оразалы Жақсанов Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, республикалық байқау женімпазы. Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қазақстан Журналисттер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қостанай облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты. Қазіргі таңда Қостанай газеті бас редакторының орынбасары «Қайталанбас тұлғалар» кітабы бұл қаламгердің төртінші жинағы. Бұл жинақта негізінен ұлтымыздың мақтанышына айналган біртуар тұлғалар, атақты ғалымдар, көрнекті қайраткерлер, аса дарынды ақын-жазушылар, талантты актерлердің ғибратты ғұмырлары, қазақ халқына сінірген еңбектері арқау болған. Мұның алдында «Өмір керуен», «Қазақтың өнер жұлдыздары», «Адамдар өмірге қонақ екен» деп аталатын кітаптары жарық көріп, оқырмандар ілтипатына ие болды. Елімізге танымал қаламгердің бір қатар еңбектері республикалық беделді жинақтарға еніп, жұртшылық жылы қабылдады. Оның қайсы шығармасын алып оқысанда ол кітаптарға енген кез келген өлең жолдары өзіне бірден баурап алады. Бұл кеште қаламгер студенттер алдында өзекті мәселелер бойынша көзқарасын айтып, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Бұл кеште оқырмандар жарыққа шыққан «Қайталанбас тұлғалар» еңбегі бойынша өз ойларымен бөлісіп, қаламгерге ризашылығын білдіріп, өнерлерін көрсетті.
|